Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:40, 08 Ақпан 2022

Арнайы комиссияны тағы да Маңғыстау облысына жіберу керек – Президент

None
None

Шеруге шыққан азаматтардың проблемаларын шешу үшін Үкімет пен «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры бірлесіп жұмыс істеуі тиіс.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты,- деп хабарлайды «Жас Алаш»

Президент өз сөзінде туындаған проблеманы бір ғана әкімдіктің мойнына жүктеп қоюға болмайтынын жеткізді.

«Кәсіподақ жетекшілерімен және жұмысшылары шеруге шығып жатқан компания иелерімен сындарлы диолог орнату қажет. Қабылданған шешімнің бәрін қарапайым жұмысшыларға дұрыстап түсіндіру керек. Проблемамен айналысуды әкімдікке ғана жүктеп қоюға болмайды. Оларды қолдап, туындаған мәселені бірлесе қараған жөн. Наразылық білдірген азаматтардың проблемаларын шешу үшін Үкімет пен «Самұрық-Қазына» тығыз жұмыс істеуі тиіс. Қажет болса Үкіметтік арнайы комиссияны тағы да Маңғыстау облысына жіберу керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: