Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:03, 16 Қаңтар 2023

Арқанкерген ісі: Бас прокуратура Челахтан жауап алды

None
None

Шекара бекетінде 15 адамды өлтірді деп өмір бойына бас бостандығынынан айырылып, қазір жазасын өтеп жатқан Владислав Челахтың ісі қайта қаралып жатқан көрінеді.

Бұл жолы Бас прокуратура қызметкері одан жауап алған, деп хабарлайды Экспресс К

Бұл туралы ақпарат «Elmedia» Telegram-арнасында жарияланды. Ондағы дерекке сүйенсек, бұл хабарды Челахтың анасы Светлана Ващенко сенбі күні жеткізген. Ол әр жұма сайын ұлымен телефон арқылы сөйлесіп отыратынын айтыпты. Бірақ осы жолы бір күнге кешігіп сөйлескен. Себебін анасы осы жағдаймен байланыстырып отыр.

— Влад әр жұма сайын хабарласады. Кеше қоңырау шалмады. Уайымдадық. Бірақ бүгін сөйлесіп, қатты қуанып отырмыз. Ол Бас прокуратурадан жас қызметкер келіп, 2 күн жауап алғанын айтты. Бүге-шүгесіне дейін білгенін толық жайып салғанын да жеткізді,

— дейді Светлана Ващенко.

Сонымен қатар, ол 10 жыл бұрын шекара бекетінде нақты не болғанын, яғни шындықты ешкімге айтпаған еді. Осы жолы бәрін тізбектеп беріпті. 

Тіпті танитын адамдардың тегін айтып, ал атын білмейтіндердің түр-келбетін сипаттап берген дейді Владиславтың анасы.

Тегтер: