Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:18, 18 Қаңтар 2023

Арқанкерген ісі: Бас прокуратура Челахтан жауап алмаған

None
None

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев атышулы Арқанкерген ісіне қатысты өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың шағымы туралы айтты, деп хабарлайды Жас Алаш Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Шындалиевтің айтуынша, Челахтан өз шағымы бойынша түсініктеме алынған.

Челах бойынша шағым біздің қарауымызда. Бәрін зерттеп, анықтап болғаннан кейін біз оған жауап береміз. Челахтың өзінен жауап алынған жоқ

— деді ол.  

Еске салайық, Экспресс К бұған дейін Челахтың прокуратураға жазған хаты жеткенін, істің қайта тергелуі мүмкін екенін жазған еді.

2012 жылдың мамыр айында Алматы облысындағы «Арқанкерген» шекара бекетінде 14 шекарашы мен бір қорықшының мәйіті табылған болатын. Бірнеше күннен кейін қанды қырғынды осы бекеттің шекарашысы Владислав Челах мойнына алды. Сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырған.

Челах 2013 жылдың наурыз айынан бері Қостанай облысы Жітіқара қаласының маңындағы ерекше режимдегі колонияда қамауда отыр.

Ол жақында Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, болған жайды түсіндіру үшін куәлік беруге дайын екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, жақында Челахтың анасы Бас прокуратура өкілдері ұлынан жауап алғанын қуана хабарлаған болатын.  

Тегтер: