«Арселор Миттал Теміртау» халықты түнде улайды»

05.12.2019, 17:48

7

Теміртаулықтарқаладағы экологиялық ахуалдың нашарлап кеткенін айтады. Еліміздегі ең ірі  өндіріс алпауытының бірі «Арселор МитталТеміртау» АҚ комбинаты орналасқан Теміртау қаласының экологиялық жағдайыжергілікті тұрғындардың бас ауруына айналған. Қалаға сырттан алғаш келген жан  ауа қабатындағы кеудені бірден толтырыптастайтын, жағымсыз түтін исін лезде  сезеді. Жылда ластанған қалалар тізімінанықтап отыратын "Қазгидромет"Қарағанды, Теміртау, Балқаш қалаларынеліміздегі ең бір ауасы лас қалалардың көшбасында  тұратынын атап өтеді. Жалпы Теміртау ауасыныңластануы бүгінде жауыр болған әрі шешімін таппаған мәселеге айналып кеткеліқашан. Бұқара қысы жазы түтіні тұнып тұратын қалада өмір сүріп жатқанын айтып, қолжинап, былтырғы жылы астанадағы мәжіліс депутаттарына дейін барған. Алайда«жабылған қазан жабулы» күйінде әлі тұр. Биліктен араша сұрапшаршаған халық жоғарғы жақтан үміттерін үзген. Тек базынасын жеткізе алмаған теміртаулықтарарасында түтіні бұрқыраған қаланың суреттерімен бейнежазбаларын әлеуметтікжеліге салып, бір шулатып қояды. Қарашаның басында Нұр-Сұлтан қаласынанТеміртауға ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВмәжіліс депутаттарымен бірге келіп кеткен. Министрліктің мәліметінше Қарағандыоблысындағы лас қалдықтардың төрттен бір бөлігін оның ішінде Теміртау қаласына80 пайыз лас қалдықтарды «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы шығарыпотыр. Осы кездесу барысында экология министрімен компания басшысы алдағы бес жылдаауаға шығаратын лас қалдықтарды 30 пайызға азайту қажет деген меморандумға қолқойды. Алайда бұл меморандумнан үміттенетіндер аз.


«Меморандум бойынша 30 пайызға лас қалдықтарды азайтукерек деді. Бұл деген өте аз көрсеткіш. Адам денсаулығына тікелей әсер етіп,экологиялық апатты жағдайда тұрған Теміртау үшін 30 пайыз деген түк емес қой.Неше жерден меморандумға қол қойса да бәрібір Теміртаудың жағдайы жақсармайтұр. Бұл зауыт түнде және таңға жуық қара түтінді мөлшерден тыс көп шығарып,халықты улауын әлі қойған жоқ. Экология министрінің өзі бір адамға мың жарымтонна лас қалдықтан келеді деп мәлімдеді. Енді осы шамадан тыс артып тұрғанзиянды қалдықты отыз пайыз азайтсын деу, енді бұл күлкілі ғой. Менің ойымшамұндай кездесу, меморандум тек ресми түрде көз алдау үшін, халықтың ашуын басуүшін ғана жасалады. Бұл мәселеге үкімет  тіптіпрезиденттің өзі араласып жағдайды шешу керек. Зиян әкеліп жатқан цехтарды жабукерек немесе түтінді аз шығару үшін комбинат құрылғыларын ауыстырыпреконструкция жасату керек. Ал бұған компания ақша жұмсағысы келмейді»,-депмәлімдейді «Жас АЛАШ» тілшісіне жергілікті белсенді, журналист  Анжелика ВОЛКОВИЧ.

Соныменқатар журналист Теміртауда қатерлі ісік, жүрек, қан тамыры, аллергиялықсырқаттарға шалдыққан жандардың қатары соңғы жылдары күрт көбейіп кеткенінайтады. Биылғы жылы Анжелика Волковичтің танысының 11 айлық сәбиі онкологиялықдертке шалдығып көз жұмыпты.

 Теміртау қаласын зиянды қалдықпен ластапотырғандармен бел шешіп күресіп жүрген жанның бірі қоғам белсендісі, ҚРэкология минстрлігіндегі сараптама кеңесінің мүшесі Станислав ВОЙЦЕХОВСКИЙ. ОлТеміртаудың мүшкіл жағдайын көрсеткен бірнеше бейнежазбалармен фота суреттерінәлеуметтік желі арқылы үнемі жұртқа жариялап отырады.

«Экология министрі  Теміртауға келген кезде мені шақырған жоқ. Өйткеніоларға мен жау болып көрінемін. Теміртау жағдайы өте ауыр. Жазықсыз халық жапашегіп отыр. Мұнда астанада отырған ірі шенділердің не болмаса Митталдыңбалалары тұрып жатқан жоқ қой. Содан кейін де ешкім бұл мәселені шешуге асығаремес. „Арселор Миттал Теміртау“комбинатынан шығып жатқан түтінТеміртаудан  Қарағандыға дейінжетеді.Теміртауға түнде жауған қар таңертең көрсеңіз қара түске боялып тұрады.Қысы-жазы қаланың үстін тұман тәрізді түтін басып тұрады. Зауытты нақты ешкімтексеріп жатқан жоқ. Түтінді сүзіп шығаратын құрылғылардың барлығы ескірген»,- дейдіқоғам белсендісі Станислав Войцеховский.

Қоғамдағыхалықтың ашу-ызасын „Арселор Миттал Теміртау“ басшылығы естігісі келмейтіндей.Ара-тұра тексеріс болып экологиялық тұрғыда заң бұзғаны анықталса, айыппұлынтөлейді  де „қыңқ“ демей әріқарай жұмысын жалғастыра береді. Ал теміртаулықтардың басым бөлігінде қаладанқашып кетейін десе „барар жер, басар таулары “жоқ. 

«Он жыл бұрын Қызылордадан көшіп келген едік. Осы жақтажұмыс бар, сол үшін жүрміз. Соңғы жылдары тыныс алудың өзі қиындап кетті. Бұлзауытты неге сонша қаланың дәл іргесіне салған. Неге халықты ешкім ойламаған депқынжыламын. Амал жоқ тұрамыз осында. Басқа қайда барамыз?», — дейді Теміртаутұрғыны Қуандық ШЫМБОЛОВ.


Фотоларды автор ұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16