Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:28, 22 Желтоқсан 2022

«АрселорМиттал Теміртауға» 1,3 млрд теңге айыппұл салынды

None
None

Қарағанды ​​облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ірі салық төлеушілерге қатысты салықтық әкімшілендіру аясында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на 1,3 млрд теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Жас Алаш  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, кәсіпорынға аванстық төлемдер сомасын төмендеткені үшін айыппұл төлеу міндеттелді.

«2017 жылғы кабинеттік мониторинг барысында корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы нақты есептелген салықтан төмен бағаланғаны анықталды. Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК 278-бабының 3-тармағы бойынша әкімшілік материал толтырылып, 1,3 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Материалдар әкімшілік сотқа жіберілді», — делінген хабарламада.

21 желтоқсанда Қарағанды ​​облыстық соты «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының шағымын қарады. Әкімшілік жаза өзгеріссіз қалдырылды.

Тегтер: