«АрселорМиттал Теміртауды» басқа шетел инвесторлары сатып ала ма?
Үкімет «АрселорМиттал Теміртау» нысандарын басқаға беру туралы хабарламаны жоққа шығарды.
«Әлеуметтік желілерде «АрселорМитал Теміртау» АҚ-ны басқа шетелдік инвесторларға беру туралы ақпарат таралып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта кәсіпорынды Қазақстан Республикасының игілігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. «АМТ» АҚ-ты кейіннен басқа шетелдік инвесторларға беру мәселесі үкіметте қарастырылмаған.
Еске сала кетейік, Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қазіргі уақытта құрбандар саны 21-ге жетті. Шахтада әлі 20-дан астам кенші қалған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтып, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.