Әртіс әкімдер

20.03.2020, 14:04

77


Біздің әкімдер кез келген жағдайды сәттіпайдаланып қалғысы келеді. Қол астындағылардың қызметтік көлігін тартып алып, «қоғамдықкөлікке мініңдер» дейді де, әкімнің өзі автобуста отырған суреттерін әлеуметтікжелілерге салып жібереді. Ал содан елдің бәрі у-шу боп жүргені.

 Ауарайының қолайсыздығына байланысты ел астанасына пойызбен шығады да, купеде қағазғаүңіліп жұмыс істеп отырған кезде сыртынан біреулердің шырт еткізіп суретке түсіріпалғанын білмеген бола салады. Әкімнің әдемі суреті тағы да әлеуметтік желінішулатып, барлық сайтта керемет жаңалық болып тарайды. «Не деген қарапайымдылық,не деген іскерлік, жұмыс істеуге жағдай таңдамайтын әкім екен» деген пікірлертағы да айтылып жатады.

Қалай айтсақ та, біздің әкімдер өзінің жұмысынангөрі өздерін жарнамалау жағын керемет меңгерген. Енді коронавирус індеті елдіңжағасынан алып, бүкіл әлеумет абыржып қалған тұста әкімдер әртістік қабілеттерінтағы да бір көрсетіп қалды. Жасыратыны жоқ, бұл мәселеде маска жетіспеушілігіхалықтың зығырданын қайнатты. Билік қанша жерден «пәленбай мың маска сатып алдық,дәріханаларға жеткіздік» деп ақпарат таратса да, елорда мен Алматыда, барлық аймақтардамаска жетіспеушілігі тұрғындар тарапынан сәт сайын айтылып жатыр. Барының бағасыұшып тұр. Міне, осылайша медициналық маска әкімдердің «маскасын» шешті.

    Бұл мәселеде алдымен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин әбжілдіктанытты. Әлеуметтік желіде облыс әкімінің бүкіл аппарат қызметкерлеріменбеттеріне маска киіп алып, жиын өткізіп жатқан суреттері жарияланып, ел-жұрттыңкүлкісіне қалды. Оразалин, бір жағы, осындай қиын сәтте біз бірінші болып әрекететтік, біз алдымен жиын өткіздік дегенді білдіргісі келген секілді. Екінші жағынан,Ақтөбеде маскадан проблема жоқ екенін айтқысы келген. Бірақ әкімдер тағып алғанмаскаларды қарапайым халық дәріханалардан таппай, әбден ит-әуреге түсіп жүргенінөздері біле ме екен?

  Елордамен Алматыда карантин жарияланған күні Б.Сағынтаев пен А.Көлгіновтің, оданЖамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаевтың дәріханадан маска сатып алып тұрғансуреттері жарияланып, әлеуметтік желіні біраз шулатты. Суреттегі жағдайға қарағанда,Бердібек Мәшбекұлы фотографын ертіп, дәріханаға өзі бас сұққанға ұқсайды.Дегенмен ел-жұрт таппай жүрген масканың ойда-жоқта әкім бас сұға салған дәріханадатолып тұруы жұрттың сенімсіздігін тудырғаны рас. Әулиеаталықтар мұны қашанда қиярынанпиары алда жүретін Б.Сапарбаевтың арнайы «сценарийімен» жасалған «спектакль»екенін бірден аңғарып қойды.

    Ал әріптесіміз Серік Аббас-шах ол суретке байланысты әлеуметтік желідегіпарақшасына: «Маска жоқ деп еді ғой, ал сіздерде толып тұр» деп Сапарбаевтыңаузына сөз салса, дәріханашының жауабы ретінде «Сіз келеді деп, бір замыңыз бірқорабын уақытша тастап кеткен (кеше)» деп, әулиеаталық әкімді әжуағаайналдырып, жазба қалдырды.

   Алла тағалам күш-қуат берсін, бірақ біздің әкімдер осындай әртістік қабілеттеріменде көзге түсіп қалуға барын салуда. Ресей президенті В.Путиннің ойда-жоқта бірдәріханаға кіре салған әрекеті интернетте талай әзіл-күлкі, комедияның дүниегекелуіне әсер етті ғой. Біздің әкімдердің де осынау әрекеті талай қызық дүниегесұранып тұрғандай.

НұрболатӘЛДИБЕК

Жамбылоблысы


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

10.03.2020, 09:30
Шыңжаңның шырғалаңға түсуі
09.03.2020, 07:56
Қарағандылық белсенді Божконы сотқа берді
03.03.2020, 11:42
Ассамблея дұрыс саясат ұстана алмай отыр
23.08.2019, 12:50
Astana Hub 5 елмен меморандумға қол қойды
16.06.2019, 06:44
«Ел алдында жүзім ашық болса деймін»
13.06.2019, 22:45
Митинг: Орыстілді журналист әріптесінің үстінен полицияға шағымданды

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11