Артында өшпес із қалдырған азамат

Бүкіл Қазақстан халқы сияқты Жамбылжұртшылығы да қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы, Алаштың атын әлемгетанытып аспандатқан, күнделікті тіршілікте қарапайымдылығымен ерекшеленіп, ізгіістерімен артында өшпес із қалдырған Жақсылық Үшкемпіров ағамыздың қазасынасқан күйзеліспен қабылдады.
Отбасының ақылшысы, ардақты әке ЖақсылықӘмірәліұлы өзінің саналы ғұмырын ел тәуелсіздігінің тұғырлы болуына, спорт саласыныңдамуына арнады.
Ардақты ағамыздың 1980 жылы Мәскеу олимпиадасындаәлемнің ең мықты балуандары ішінен үздік шығып, жеңіс тұғырына көтерілгені тарихтыңалтын қойнауына енді.
Қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы, бірнешежылдардан соң әлем чемпионы, әлем кубогының иегері атанған Жақсылық ағамыз осылайшахалқымыздыңмақтаныш сезімін оятып, жастарымыздың боз кілемде белдесуге деген құлшынысынеселей түсті.
Жақсылық Әмірәліұлы бапкер ретінде де егемен еліміздің атын шығаратын таланттыспортшылар даярлауға өлшеусіз үлесқосты.
Бар саналы ғұмырын ел игілігіне арнағанЖақсылық аға нағыз патриот, мемлекет жанашыры, қарапайым еңбектің өнегелі үлгісін көрсеткен азаматболатын.
Ағамыз туған жерінің дамуына елеулі үлес қосып, әрдайым мұқтаж жандарғақайырымдылық көмектер көрсетті.
Соның бір жарқын мысалы ретінде Ақтөбе облысында өткен «Ауыл – ел бесігі» форумындаЖақсылық ағамыздың: «Әр кәсіпкер патриот ретінде өзінің туған жеріне қолдаукөрсетіп, игі істердің жалғастырушысы болуы тиіс», – деген сөзі көпшілікке үлгіболған еді. Чемпион ағамыз осынау сөзін жарқын ісімен де дәлелдей білді.
Алаштың ардақты азаматы, ұлтымыздыңаяулы перзенті, даңқты балуан,Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Әмірәліұлының өмірден өтуіне байланыстықайғыларыңызға ортақтасып көңіл айтамыз. Марқұмның топырағы торқа, жаныжәннатта болсын. Артында қалған ұрпағы аман болсын…
Бердібек САПАРБАЕВ,
Жамбыл облысының әкімі