Аруақ алдаған әкім
Гүлшара Әбдіхалықова Қызылорда облысын қалай басқармақшы?
Әлқисса 2020 жылдың 15 маусымында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың шақыруымен астанадан ұшақпен барып, қабылдауында болдым. Сол күні ғаламторда мынандай хабар таратылды:
«Жазушы Тартоғайда Мұстафа Шоқай ескерткішін орнатуды ұсынды
«Сыр бойы» газетінің сайты, 15.07.2020 жыл.
– Өте орынды ұсыныс, – деп қуантқан еді облыс әкімі, – Мұстафа атамызға Тартоғайда ескерткіш орнатамыз. Карантин аяқталған соң.
Зерттеушілер не дейді?
- Мустафа́ Шока́й (Чокай, Чокаев, Чокай-оглы; каз. Мұстафа
Шоқай(ұлы)) (25 декабря 1890, Аулие́-тарангыл, Туркестанский край, Российская империя – 27 декабря 1941, Берлин, Нацистская Германия) – казахский общественный и политический деятель, идеолог борьбы за свободу и независимость Единого Туркестана. С гражданской войны в России и до Второй мировой войны (1921-1941) находился в эмиграции во Франции, в советское время обвинялся в коллаборационизме
(Википедия).
- Чокаев Мустафа. Видный общественно-политический деятель, член
мусульманской фракции российской Государственной Думы. Создатель организации `Туркестанское единство. Мустафа Чокаев родился 7 января 1890 г. в местечке Аулие-тарангыл, в Сыр-Дарьинском районе Кызыл-Ординской области. («Жизнь замечательных людей»). «Евразийский исторический сервер».
- «Мустафа Шокай (Чокаев) 07.01.1890, аул Тартогай, ныне терр.
Шиелинского района Кзыл-Ординской обл., – 27.12.1941, Берлин, Германия), обществ. деятель, журналист. Род. в аристократич.семье, по линии матери он принадлежал к Хивинской ханской династии. Окончил Ташкентскую муж. гимназию, ф-т права С.-Петерб. ун-та. Свободно владел рус., турецким, англ., франц., нем. и польским языками».
«Акмола» энциклопедия», Алматы, 1995, изд. «Атамұра», 357 стр.
- Мустафа Шокай родился 25 декабря 1889 г. в местечке Аулие
тарангыл, в Сыр-Дарьинском районе Кызыл-Ординской области. Родом из кипчаков. Дед Мустафы заслужил звание «датка», что приравнивает его к султанам. Отец его Шокай, 1836 года рождения, умер в 1916 г., в свое время был волостным и пользовался уважением как признанный в народе би, судья. По материнской линии он ведет свою родословную от казахских ханов, правивших Хивой. Он получил достойное для семейной традиции воспитание и образование.
Источник: http://www.biografia.kz/famous/. Национальный портал Biografia.kz
- Мұстафа Шоқайдың өмірін зерттеуші, сұлутөбелік журналист,
марқұм Сарбұлақ Ибрашұлы: «XX ғасырдың 80-шы жылдарында Торғай датқаның үшінші баласы Әліш (Әлмұхамед) патша үкіметіне қайта-қайта хат жазып, Әулиетораңғыл деген жерде 4 кластық мұсылманша мектеп ашуға рұқсат алғандығын, үкімет тарапынан қаржы бөлдіріп, мектеп салдырғандығын, оған бала оқытуды ұйымдастырғандығын» ескерте келе: «Әулиетораңғылдағы мектеп 1890 жылы салынып, пайдалануға берілген. 1894 жылы дария тасығанда, бұл мектеп судың астында қалған. Содан кейін ауыл Әулиетораңғылдан Наршоқыға қонысаударылады» – деп жазыпты.
- Белгілі жазушы, зерттеуші-ғалым Мақсат Тәжімұрат Мұстафа
Шоқайдың өмірі туралы «Неразгаданная тайна Мустафы Шокая» атты деректі кітабында: «Вместе с тем уже после 1991-92-х годов, с выявлением новых архивных данных о Шокае, явные помарки, откровенные ляпы в садыковской рукописи стали все рельефнее. Я уж не говорю о таких неточностях, как место рождения Мустафы Шокая: по Садыкову, место рождения вождя – станция Соло-Тюбе, тогда как последующие изыскания показали, что в действительности он появился на свет в местности Аулие-Торангыл, вблизи станции Тартогай; а в Чиили – в местность Наршокы, неподалеку от станции Сулу-Тобе, семья Шокая переехала позже, когда ему было лет одиннадцать, в связи с затоплением школы в Аулие-Торангыле, где он учился. Двоюродный брат Мустафы – Байдрахман Садыков – уж не мог не знать об этом, но здесь можно допустить, что заселенные в Сулу-Тобе бошайцы просто не хотели (и не хотят) признать факт, что их великий сородич родился не на земле малой родины бошай-кипшаков» – деп уәж келтіреді.
Басқалар не дейді?
Өкінішке қарай, Мұстафа Шоқайға байланысты мақалаларды жазған кейбір авторлар тарихи деректерге дұрыс мән бермеген. Тіпті, тарихи құжаттарды салыстырып тексермеген.
Нақты дәлелдер келтірелік. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Мұстафа Шоқай жөнінде ғылыми орталық ашылған екен. Шындығында, оның тындырған қызметі шамалы. Данышпан атамыздың туған жерін түбегейлі зерттеудің орнына, «он саққа» жүгіртіп отырғандар да солар. Шындықтан хабары жоқ облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың сеніп отырған «сенімді көзі» де осы университеттің қаржысын босқа жұмсап отырған орталық.
Мәселен, «Мұстафа Шоқай – Алаштың алып тұлғасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ғылыми еңбектер жинағында (2015 жылғы 12 қазан) жүздеген автордың баяндамасы жарияланған екен. Соның ішінде – тарих ғылымдарының магистрі (ҚМУ) Б.Жүсіпбекова «1-май» кеңшарында дүниеге келген»; жазушы Т.Дайрабай «Наршоқыдағы Тораңғылда туған»; Б. Ахметбек (ҚМУ) «Сұлутөбе ауылында туылған»; А.Әзірбекова «Шиелі ауданында туған» деп болжам айтыпты. Төртеуі төрт түрлі екендігі өз алдына, еш дәлел жоқ. Кеңшар ол кезде болмаған, «Тораңғыл» деген ауыл жоқ, «Сұлутөбе ауылында туған» деген де дерек жоқ, ең масқарасы ол кезде – Шиелі деген атау болмаған. Орыс генералы Скоблев атындағы поселке 1919 жылдың 19 майында Шиелі атауына ие болды. Ал аудан – 1928 жылы құрылған.
Облыс әкімі Г.Әбдіхалықова сеніп жүрген ғалымдар осылар болса, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті басшылары ай қарап отыр ма?
Түйін. Біздің түсінбегеніміз: 20 жылдан астам уақыт «Мұстафа Шоқай атамыздың есімін қастерлейміз» деп қор құрып, миллиондаған теңге қаржыны жинаған азғана топтың Наршоқыға орнатқан белгітасының күлкі тудыратындығы. Бұл масқара! Аруақты қорлау!

Наршоқы. 24.09.2021 жыл.
2020 жылы «Мұстафа Шоқайға ескерткіш орнатам» деп жар салып, 2021 жылы «ақасақалдар басқаша айтып отыр» деп, Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіхалықова жерлестерінің пікірінен шыға алмады.
Бір ғана сауал көкейімізден кетпеді. Мұстафа Шоқайды құрметтемеген Гүлшара Әбдіхалықова Қызылорда облысын басқара ала ма?..