Аружан Саин Сәтпаевтағы оқиға жайлы: Баланы қорлаған әр қылмыскердің жазалануына күш саламыз

24.07.2020, 16:43

10

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Сәтпаевтағыоқиғаға араласып, баланың анасымен және жауапты органдардың басшыларымен байланыстаотырғанын мәлім етті.

 «Достар! Мен Сәтпаевтағыоқиға бойынша баланың анасымен телефон арқылы сөйлесіп отырмын. Сот-медициналықсараптама жүргізілді. Біз әрі қарай жүргізілетін жұмыстар, заңгерлік,психологиялық көмек көрсету туралы әңгімелестік. Бала құқығы жөніндегі уәкілретінде мен бұл істі барлық бағыт бойынша жүргіземін», — деп жазды Аружан СаинFacebook парақшасында.

Аружан Саин сонымен қатар Ішкі істер министрі ЕрланТұрғымбаевпен және Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновпенсөйлескенін жеткізді.

 «Мен бұлотбасыны осы іспен айналысатын ювеналды адвокатпен байланыстыруды өтіндім.Сондай-ақ мықты психолог маман да айқындалды. Себебі балаларға қатыстықылмыстарды тергеу барысында психологтың қатысуы міндетті. Балаларға жасалғансексуалды зорлық бойынша қылмыстық істерді жүргізіп жатқанымызға бірнеше жылболды. Балаларға қарсы осындай қылмыс жасайтын әр адамның жазалануына барыншакүш саламыз», — дейді ол.

Еске сала кетсек, бүгін Ішкі істер министрі ЕрланТұрғымбаев Сәтбаевтағы бес жасар қыз баланың жоғалуына қатысты оқиғаның мән-жайынайтып берген болатын.

«23 шілде күні кешкі сағат 9-да Сәтбаев қаласының ішкіістер басқармасына 5 жасар қыздың жоғалғаны туралы арыз түсті. Дереу іздестірунәтижесінде бүлдіршін қаладағы бір үйден табылды. Жас қызды зорлады дегенкүдікпен бір азамат қамауға алынды. Бірақ бірнеше адам күдіктіні өз қолынаберуді талап етті, жанжал шығарды», — деді Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ-да өткенбаспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, бүгін Президент Шорнақ ауылы мен Сәтпаевқаласындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16