Арыс қаласында дабыл қағылды

13.04.2020, 11:33

15

Бүгін Арыс қаласында сағат 11.00-детөтенше жағдайға байланысты қаладағы барлық дабыл қаққыштар іске қосылып,маңызды хабарлама айтылды. Себебі қалада COVID-19 індетін жұқтырғандардың саныбірден алтауға көбейді. Барлығы да бір отбасының мүшелері.  Нақтырақ айтқанда  қаланың Наурыз елді мекенінің  1965 жылы және 1987, 1989, 1998, 2004,  2010 жылы туған тұрғындары.

— Құрметті арыстықтар, әлемді шарпыған COVID-19 індетіне шалдыққандардың саны артуда. Инфекцияжұқтырған азаматтар арнайы дайындалған ауруханаларда емделуде. Науқастанғаназаматтармен қарым-қатынаста болған тұрғындар оқшауланып, бақылауға алынған.Сіздерден үйден шықпауды, көпшілік орындарға барудан бас тартудысұраймыз,-делінген Арыс қалалық әкімдігінің халыққа таратқан хабарламасында.

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны –43-ке жетті. Соңғы тәуліктердежоғарыдағы алты науқастан бөлек Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылының 1987жылы туған тұрғынының қауіпті вирусты жұқтырғаны белгілі болды.

 Жетісай ауданында – 14 науқастіркелген, оның ішінде 1956 жылы туған азамат 4 сәуір күні қайтыс болған.Сондай-ақ,  Кентауда — 5, Ордабасыда  — 2, Сайрамда — 2, Мақтааралда — 4, Арыста — 14, Сарыағашта — 1, Бәйдібекте -1 тұрғын COVID-19 індетіне шалдыққан.

Вирус жұқтырғандар оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.


Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,

Түркістан облысы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 12:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 15:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 15:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57