Арыс қаласының мыңға жуық тұрғыны Шымкентке жеткізілді

25.06.2019, 03:00

35

Арыс қаласы мен қала маңындағы елдімекендердің мыңға жуық тұрғыны Шымкенттегі «Ақмешіт» мешітіне жеткізілді. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады

Азаттық тілшісінің айтуынша, Арыс тұрғындарын мешіт маңына бірнеше автобуспен әкелген. Мешіт жақта балаларын, жақындарын іздеген адамдар жүр. Еріктілер мешітке келген адамдарға көмектесіп, нан-суын әкеп беріп жатыр.

Мешіт қызметкерлері Азаттық тілшісіне Арыстағы «Алтын тұмар» мен «Мамыр» балабақшасының балалары жеткізілгенін, көбін ата-анасы алып кеткенін айтты. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, «Балдырған» балабақшасындағы балалар да автобуспен Шымкенттегі «Ақмешіт» мешітіне жеткізілді.

<img alt=«Шымкентке жеткізілген Арыс тұрғындары „Ақмешіт“ мешітінің маңында отыр. Шымкент, 24 маусым 2019 жыл.» src=«gdb.rferl.org/BA14AC33-AEDF-4C4F-92E8-BB1C29F5C929_w250_r0_s.jpg» /> /> Шымкентке жеткізілген Арыс тұрғындары «Ақмешіт» мешітінің маңында отыр. Шымкент, 24 маусым 2019 жыл.

Түркістан облысының әкімдігі қауіпсіздікті қадағалау үшін Арыс қаласына 120 полицей жіберілгенін хабарлады.

24 маусым таңертең Арыстағы әскери қоймада жарылыс болды. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Арыстағы Қазақстан қарулы күштері бөлімдерінің бірінде өрт шығып, салдарынан әскери оқ-дәрі жарылған. Қазақстан үкіметі алғашында «жарылыстан зардап шеккендер жоқ» деп хабарлаған.

Кейін Арыс қаласындағы әскери қоймадағы жарылыстанзардап шеккен 25 адам Шымкенттегі № 1 қалалық ауруханаға жеткізілгені хабарланды. Аурухана бас дәрігері Абылай Донбай халі ауыр үш адам жан сақтау бөліміне жатқызылғанын айтты. Бұдан бөлек, Отырар ауданындағы орталық ауруханасында Арыстағы жарылыстан жапа шеккен 34 адамға медициналық көмек көрсетілген.

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді please wait <video poster=«gdb.rferl.org/af76fe47-d78c-4487-8be0-4150546d577e_tv_w250_r1.jpg» src=«rferl-vh.akamaihd.net/i/Pangeavideo/2019/06/a/af/af76fe47-d78c-4487-8be0-4150546d577e,_mobile,,_hq,_fullhd,.mp4.csmil/master.m3u8» data-fallbacksrc=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/06/a/af/af76fe47-d78c-4487-8be0-4150546d577e.mp4» data-fallbacktype=«video/mp4» data-type=«application/x-mpegURL» data-info=«Auto» data-sources="[{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/06/a/af/af76fe47-d78c-4487-8be0-4150546d577e_manifest.mpd»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/06/a/af/af76fe47-d78c-4487-8be0-4150546d577e_manifest.mpd»,«Type»:«application/dash+xml»,«DataInfo»:«Auto»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/06/a/af/af76fe47-d78c-4487-8be0-4150546d577e_mobile.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/06/a/af/af76fe47-d78c-4487-8be0-4150546d577e_mobile.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«270p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/06/a/af/af76fe47-d78c-4487-8be0-4150546d577e.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/06/a/af/af76fe47-d78c-4487-8be0-4150546d577e.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«360p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/06/a/af/af76fe47-d78c-4487-8be0-4150546d577e_hq.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/06/a/af/af76fe47-d78c-4487-8be0-4150546d577e_hq.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«720p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/06/a/af/af76fe47-d78c-4487-8be0-4150546d577e_fullhd.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/06/a/af/af76fe47-d78c-4487-8be0-4150546d577e_fullhd.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«1080p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null}]" data-lt-on-play=«1» data-lt-url=«livetracker.rfe.pangea-cms.com/counter.lt?PageType=4&RecordId=30016684&SiteId=5&r=758210145&it=0&pd=20190624091000» webkit-playsinline=«webkit-playsinline» playsinline=«playsinline» style=«width:100%» title=«Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді»> Get Adobe Flash Player Embed Бөлісіңіз
Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly /> /> width /> px height /> px /> The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30016684.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:00:51 0:00 Жүктеп алу

Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев жарылыстан кейін облыста төтенше жағдай жарияланғанын хабарлап, Арыс қаласының тұрғындары эвакуцияланатынын айтты. Билік жарылыс себептерін тексеру үшін арнайы комиссия құрды.

Арыста бұған дейін бірнеше рет жарылыс болған.

Он жыл бұрын, 2009 жылы наурызда Арыстағы қоймада жарылғыш заттар жарылып, сақтаулы тұрған қару-жарақ атылған. Оқиға кезінде төрт адам қаза тауып, жиырмаға тарта адам жапа шеккен еді. Ресми билік жарылысқа қоймадағы қарудың дұрыс сақталмауы мен жарылғыш затпен дұрыс жұмыс істемеу себеп болды деп мәлімдеген.

2014 жылы Арыс қаласындағы "Қазақжарылысөнеркәсібі" акционерлік қоғамы аумағында жарылыс болып, екі адам қаза тапқан.

2015 жылы қарашада қаладағы полигон аумағында жарылыс болып, бір адам мерт болды. Ресми ақпарат бойынша, жарылыс әскери оқ-дәрілер мен өндіріс қалдықтарын жою кезінде болған.

43 мыңға жуық адам тұратын Арыс қаласы Шымкенттен 97 шақырым жерде жатыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59