Арыс тұрғындарына ақшаның бір бөлігі арнайы қордан беріледі

03.07.2019, 07:00

4

Әскери қойма жарылған Арыс қаласының тұрғындарына алдағы екі аптада қаржылай көмек төленеді. Бұл туралы 1 шілдеде Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын жою туралы брифингте Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев хабарлады.

Оның сөзінше, жақында Арысқа келген премьер-министр Асқар Мамин өткізген жиында қаланың 44781 тұрғынына 100 мың теңгеден беру жөнінде шешім қабылданған.

«Кішкентай сәбиден бастап зейнеткерлерге дейін аталған ақша беріледі. Бұл мақсатқа төрт миллиард 478 млн. 100 мың теңге қажет. Оның бір миллиарды облыстық бюджеттен бөлінеді. Екі миллиард теңге республикалық бюджеттен, қалған қаражат „Түркістан“ корпоративтік қорына түскен ақшадан жұмсалады» деді облыс әкімінің орынбасары.

Аманбаевтың сөзінше, әзірге аталған қорға түскен ақша жұмсалмаған.

«Ол Арыс тұрғындарына жұмсалады. Қаладағы арнайы мәліметтер базасы арқылы 44781 адамды анықтап, қаражатын аударамыз» деді Жолдымұрат Аманбаев. Ол бұл жұмыстар екі апта уақыт алатынын айтты. Әкім орынбасары көмек ақша алу үшін «еш құжат жинаудың қажеті жоқ, әрбір тұрғын анықталып, тиісті қаражатты алады» деп мәлімдеді.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Қазақстан үкіметі сейсенбі күні бекіткен 2019 жылғы республикалық бюджетке түзетулер енгізу туралы заң жобасында үкіметтің резервтік қорын 72,9 миллиард теңгеге (191,8 миллион доллар) ұлғайту көзделген. Бұл қаржының бір бөлігі Арыстағы жарылыс салдарын жоюға жұмсалмақ.

24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери қойма жарылды. Үкімет мәліметі бойынша, жарылыстан үш адам (Арыс тұрғыны мен екі әскери) қаза тауып, 400-ден астам адам дәрігер көмегіне жүгініп, 80-тен астам азамат ауруханаға жатқызылған. Төтенше жағдайлар қызметі Арыстағы үйлердің 85 пайызы бүлінген деп хабарлаған.

Қазақстан үкіметі жарылыс болған күні 39 мың адамның өз күшімен қаланы тастап шыққанын, үш мыңнан астам адам Түркістан облысы әкімдігі ұсынған автобустармен Шымкентке жеткенін айтқан. 27 маусымда Шымкентте шеруге шыққан жүздеген арыстық соңғы он жыл ішінде төртінші рет жарылыс болған Арыс қаласына бармайтынын айтып, биліктен өздерін басқа жаққа көшіруді талап еткен.

28 маусымда көрші елді мекендерді уақытша паналаған арыстықтар үйлеріне оралды.

Арыс қаласында бұған дейін бірнеше рет жарылыс болған. 2015 жылы қарашада қаладағы полигон аумағындағы жарылыстан бір адам мерт болған еді. Ресми ақпарат бойынша, жарылыс әскери оқ-дәрі мен өндіріс қалдықтарын жою кезінде болған.

2014 жылы Арыстағы "Қазақжарылысөнеркәсібі" акционерлік қоғамы аумағында болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тапқан.

Он жыл бұрын, 2009 жылы наурызда Арыстағы қоймада жарылғыш заттар жарылып, сақтаулы тұрған оқ-дәрі атылған. Ол оқиғадан төрт адам қаза тауып, жиырмаға тарта адам жапа шеккен еді. Билік жарылысқа қоймадағы қарудың дұрыс сақталмауы және жарылғыш затпен дұрыс жұмыс істемеу себеп болды деп мәлімдеген.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34