Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:00, 06 Тамыз 2023

Арыста төрт тұрғынды белгісіз біреулер атып кетті

None
None

Полицейлер Түркістан облысында ауыр қылмыс жасады деген күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Polisia.kz хабарлағандай, 5 тамызда екі белгісіз адам Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, белгісіз қарудан оқ атып, қашып кеткен.

Үйдің иесі және оған құрылыста көмектескен танысы алған жарақаттарынан қайтыс болды. Сондай-ақ құрылысқа көмектескен екі ер адам оқ жарақатын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.

Қазір арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. "Ұстау" жоспары қабылданды. Күдіктілердің жеке басын анықтау мен оларды ұстау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде.

Болған оқиғаның барлық жағдайы анықталуда. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді.

Тегтер: