Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

15.05.2020, 12:38

4

Былтыр Түркістан облысының Арыс қаласында 24 маусымда болған жарылысқа жауапты деген әскери қызметкерлер сот алдында жауап бере бастады. Шымкентте басталған сот процесінде 1,5 мыңнан астам адам жәбірленуші деп танылса, лауазымды 16 қызметкер күдікті ретінде қарастырылған.

КТК телеарнасының мәліметінше, қылмыстық іске қатысы болуы мүмкін 16 адамның барлығы – әскерилер. Барлығы да лауазымды қызметтер атқарған. Арасында №44859 әскери бөлімінің командирі мен оның орынбасары – артиллериялық оқ-дәрілерді сақтау қоймасының басшысы да бар.

Күдіктілерге Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылып отыр. Атап айтқанда, олар «Жарылғыш заттарды қолдану ережелерін бұзу» және «Абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкелу» секілді әрекеттері үшін сотта жауап береді. Қылмыстық істің өзі болса 400 томнан тұрғандықтан, сот процесі ұзаққа созылуы мүмкін.

Айта кетейік, былтыр Арыс қаласындағы әскери қоймада бірнеше жарылыс болып, салдарынан 3 адам қайтыс болды. Тағы 200-ге жуық адам жарақат алған. Араларында кішкентай балалар да бар. Қала тұрғындары түгелдей көшіріліп, қираған үйлердің орнына жаңалары салынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39