Арыстағы жарылыс кезінде тонаушылықпен айналысқандар ұсталды

19.07.2019, 22:13

10

Тәртіп сақшылары  Арыс қаласында жарылыстан жұрт жаппай бассауғалап кеткен кезде қаладағы қараусыз қалған дүкендер мен тұрғын үйлердің тоналғанын,ұрылардың төрт түлікке дейін қолды қылғанын жария етті.

— Жарылыс болған сәттен күні-түні қаланың қауіпсіздігінкүзетіп, тұрғындардың мал-мүлігінің жоғалып кетпеуін қамтамасыз ету мақсатында400-ге жуық полицей жұмыс атқарды. Жойқын жарылыс болған күні Арыс-Шардара тасжолында блокпостта тұрған инспекторлар күдік тудырған автокөліктерді тоқтатып,тінту-тексеру жұмыстарын жүргізді. Осы жұмыстар барысында тоқтатылған көліктенұрланған заттар, ал  жүксалғышынан 1 қойтабылды. Полицейлер анықтағандай, ұрланған заттар мен  қойды күдіктілер Арыс қаласынан алып шығыпкеле жатқан. Дәлжарылыс болатын күні Мақтарал ауданының 3 жас жігітіАрысқаласындағы таныстарына барып қайтпақ болған. Қалаға жеткен кезде олар жарылыс болып,тұрғындардың қауіпсіз аймаққа көшіріліп жатқанын көрген,-дейді Түркістаноблыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Арам ниет осы кезде туған көрінеді. Кешкісінолар Арыс қаласы көшелерінің бірінен өтіп, сыраханаға кірген. Осындағы сусындармен азық болатын заттарды жымқырып, автокөліктерімен оқиға орнынан бойтасалаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 75 000 теңгені құраған. Бастыкүдікті сырахананы тонағаннан кейін Арыс қаласының айналмалы тас жолыныңшетінде жайылып жүрген қараусыз қойды көріп қалып, оны автокөліктіңжүксалғышына салып алады. Осыдан кейін Мақтарал ауданына қайтпақ болған. Алайдажолда жоғарыда айтылғандай, оларды полиция қызметкерлері тоқтатқан.

-Қойдың иесіне келтірілген шығын көлемі 30 000 теңгеніқұрады. Осы деректер Қылмыстық кодекстің 188-бабымен тіркеліп, сотқа дейінгітергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктілердің екеуі  уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.Кәмелетке толмаған үшіншісі ата-анасының қарауына берілген.  Автокөлік Арыс аудандық полиция бөлімінің тұрағынақойылды. Жоғарыда аталған барлық ұрланған заттар заттай дәлелдеме ретіндеалынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде,-дейдібаспасөз қызметіндегілер.

Арыс  тұрғындарының айтуынша, қала қараусыз қалғанкезде  дүкендер тоналған. Алайда сауданысандарының иелері келтірілген материалдық шығындарды дәлелдей алмағандықтан,оларға ешқандай өтемақы берілмеген.   

Фотоны автор ұсынды.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04