Арыстағы жарылыстан ондаған адам зардап шекті. Үш адамның халі ауыр

25.06.2019, 03:00

35

Арыс қаласындағы әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккен 25 адам Шымкенттегі № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның бесеуі — бала. Аурухана бас дәрігері Абылай Донбайдың айтуынша, халі ауыр үш адам жан сақтау бөліміне жатқызылған. Бұдан бөлек, Отырар ауданындағы орталық ауруханасында Арыстағы жарылыстан жапа шеккен 34 адамға медициналық көмек көрсетілген.

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді please wait <video poster=«gdb.rferl.org/af76fe47-d78c-4487-8be0-4150546d577e_tv_w250_r1.jpg» src=«rferl-vh.akamaihd.net/i/Pangeavideo/2019/06/a/af/af76fe47-d78c-4487-8be0-4150546d577e,_mobile,,_hq,_fullhd,.mp4.csmil/master.m3u8» data-fallbacksrc=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/06/a/af/af76fe47-d78c-4487-8be0-4150546d577e.mp4» data-fallbacktype=«video/mp4» data-type=«application/x-mpegURL» data-info=«Auto» data-sources="[{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/06/a/af/af76fe47-d78c-4487-8be0-4150546d577e_manifest.mpd»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/06/a/af/af76fe47-d78c-4487-8be0-4150546d577e_manifest.mpd»,«Type»:«application/dash+xml»,«DataInfo»:«Auto»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/06/a/af/af76fe47-d78c-4487-8be0-4150546d577e_mobile.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/06/a/af/af76fe47-d78c-4487-8be0-4150546d577e_mobile.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«270p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/06/a/af/af76fe47-d78c-4487-8be0-4150546d577e.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/06/a/af/af76fe47-d78c-4487-8be0-4150546d577e.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«360p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/06/a/af/af76fe47-d78c-4487-8be0-4150546d577e_hq.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/06/a/af/af76fe47-d78c-4487-8be0-4150546d577e_hq.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«720p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/06/a/af/af76fe47-d78c-4487-8be0-4150546d577e_fullhd.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/06/a/af/af76fe47-d78c-4487-8be0-4150546d577e_fullhd.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«1080p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null}]" data-lt-on-play=«1» data-lt-url=«livetracker.rfe.pangea-cms.com/counter.lt?PageType=4&RecordId=30016684&SiteId=5&r=384681506&it=0&pd=20190624091000» webkit-playsinline=«webkit-playsinline» playsinline=«playsinline» style=«width:100%» title=«Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді»> Get Adobe Flash Player Embed Бөлісіңіз
Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly /> /> width /> px height /> px /> The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30016684.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:00:51 0:00 Жүктеп алу

24 маусымда Нұр-Сұлтанда журналистер сұрағына жауап берген Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев «Төтенше жағдайдың ауқымы мен себебі туралы ақпарат жоқ» деді. Сондай-ақ ол жарылыс болған әскери қоймада қанша қару-жарақ пен қарудың қандай түрлері сақталғанын айтқан жоқ. Оның сөзінше, «жұмылдырылғандар өрт шыққан жердегі отты сөндіруге тырысып жатыр».

«Белгілі бір уақыт өтуі керек. Шын мәнінде не болғанын білмейміз. Бірдеңе тұтанды ма, жанып кетті ме – жауап бере алмаймын» деді Дәндібаев. Оның сөзінше, бұл жағдай 2009 жылғы оқиғадан «мүлде басқаша».

Он жыл бұрын, 2009 жылы наурызда Арыстағы қоймада жарылғыш заттар жарылып, сақтаулы тұрған қару-жарақ атылған. Оқиға кезінде төрт адам қаза тауып, жиырмаға тарта адам жапа шеккен еді. Ресми билік жарылысқа қоймадағы қарудың дұрыс сақталмауы мен жарылғыш затпен дұрыс жұмыс істемеу себеп болды деп мәлімдеген.

Арыс қаласындағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін Түркістан облысының әкімдігі аймақта төтенше жағдай жариялады. «Жарылыстың ауқымын көріп, [Арыс] қаласын толық эвакуция жасауымыз керек. Сондықтан барлық бағыттар бойынша арнайы көліктер адамдарды жақын маңдағы елдімекендердегі арнайы лагерьлерге апарады» деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Облыс әкімдігі Ордабасы және Отырар ауданында әрқайсысы жүз орындық екі госпиталь ашылғанын хабарлады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасына "қорғаныс, ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қаласындағы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет" деп жазды.

24 маусымда Арыстағы әскери қоймада жарылыс болды. Жарылыс жайлы хабар таңғы 9.20-да түскен. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Арыстағы Қазақстан қарулы күштері бөлімдерінің бірінде өрт шығып, салдарынан әскери оқ-дәрі жарылған. Төтенше жағдайлар комитеті өртті сөндіру үшін ондаған өрт сөндіруші мен техника жұмылдырылғанын айтты.

Қазақстандық ақпарат агенттіктері Арыс тұрғындары көшіріліп жатқанын жазды. Қазақстандық басылымдардың хабарлауынша, алғашқы ондаған автобус тұрғындарды эвакуациялау үшін жолға шығып кеткен.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Арыста2014 және 2015 жылы да жарылыс болған. 2014 жылы Арыс қаласындағы "Қазақжарылысөнеркәсібі" акционерлік қоғамы аумағында жарылыс болып, екі адам қаза тапқан.

2015 жылы қарашада қаладағы полигон аумағында жарылыс болып, бір адам мерт болды. Ресми ақпарат бойынша, жарылыс әскери оқ-дәрілер мен өндіріс қалдықтарын жою кезінде болған.

43 мыңға жуық адам тұратын Арыс қаласы Шымкенттен 97 шақырым жерде жатыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57