Арыстан көшірілгендердің кейбірі биліктен "көмек жоғын" айтады

26.06.2019, 09:00

12

Арыстағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде, 24 маусымда қаладан Шымкентке жеткізілген жүздеген азамат эвакуациядан кейін өздеріне жағдай жасалмай отырғанын айтады. Шымкенттегі «Ақмешіт» мешіті маңында жүргендер көмекті билік емес, қаланың ерікті тұрғындары көрсетіп жатқанын айтады.

Ересектер мен балалар мешіт маңындағы жерде отырып, еріктілер таратқан ас-суды талғажау етіп отыр. Азаттық тілшісінің айтуынша, таңертең тамаққа кезек кезінде кептеліс болған. Жарылыс кезінде заттарын тастай қашқан арыстықтар еріктілер әкелген киім-кешекті алып жатыр.

Қауіпсіз жерге көшірілгендер Шымкент тұрғындары мен мешіт ішінде түнеп шыққандарын айтады.

«Мұның бәрі қашан бітетінін, қайда түнейтінімізді бір құдай біледі» дейді өзін Қалия Сәмбекова деп таныстырған егде жастағы азамат.

Жеті баласы бар, сегізіншісіне аяғы ауыр Ләззат Дәулетбаева «адамдар Арыстан абдырай қашты» дейді. Ол құжаттарын ғана алып үлгергенін, тамақ пен киім алу мүмкін болмағанын айтады. «Мейірбан адамдар көмектесіп жатыр» дейді көп балалы ана.

Мешіт маңында бірнеше жедел жәрдем көлігі тұр. Дәрігерлер күйзеліс пен ыстыққа шағынып, мазасы кеткен тұрғындардың қан қысымын тексеріп жүр.

Дәрігерлер Арыстан эвакуацияланған тұрғынға көмек көрсетіп жатыр. Шымкент, 25 маусым 2019 жыл. /> Дәрігерлер Арыстан эвакуацияланған тұрғынға көмек көрсетіп жатыр. Шымкент, 25 маусым 2019 жыл.

«Ақмешіт» маңында әлдекімдер дыбыс ұлғайқыш арқылы тұрғындарға эвакуация пунктілеріне баруға шақырып жүр. Кейбіреулердің Шымкент мектеріндегі арнаулы орынға жеткізетін автобусқа отырып жатқаны байқалады. «Нұр Отан» партиясының Шымкент филиалы төрағасының бірінші орынбасары Баxадыр Нарымбетов «Ақмешіт» алдынан тұрғындарды 15 жинақтау пунктіне алып бара жатырмыз" дейді.

Билік дерегінше, Арыстағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде бірі әскери, бірі бейбіт тұрғын екі адам қаза тапқан. Түркістан облысы әкімі жараланғандар саны 70-ке жеткенін хабарлады. Облыста жарылыс болған күннен бері төтенше жағдай жарияланған. 43 мыңнан аса тұрғыны бар Арыстан азаматтар жарылыс басталған бірер сағаттан соң көшіріле бастады. Тұрғындардың көбі өз бетімен бас сауғалаған. Кейбірі Шымкентке әкімдік бөлген автобуспен жеткен.

Билік Арыстағы жарылыс бірнеше күнге жалғасуы мүмкін деп, қауіптің сейілмегенін хабарлады. Снарядтардың жарылуына не себеп болғаны әлі белгісіз.

Түркістан облысына кеше, 24 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев барған. Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың арыстықтармен кездескенін, билік азаматтардың баспанасын қалыпқа келтіріп беретінін айтып, сабырға шақырғанын хабарлады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16