«Арыстанжүректілер» мен «Арландар»

16.05.2018, 03:42

6

«Астана Арланс» командасы 13 мамыр күні Ұлыбританияның Шеффилд қаласына ат басын тіреді. Мұнда отандастарымыз 17 мамыр күні WSB аясындағы жартылай финалдық алғашқы кездесуін жергілікті «Бритиш Лайонхөртс» командасымен өткізеді.Топтық сында «Арландар» С тобының үздігі болды. Отандастарымыз 6 кездесудің бесеуінде жеңіп, біреуінде ғана есе жіберді. Алты кездесуде «арландар» 30 жекпе-жек өткізді. Соның 23-інде жеңімпаз атанды, 8 кездесуде жеңілді. Жеке рейтингте Теміртас Жүсіпов 49 келі салмақтың көшбасшысы болып тұр. Ол үш қарсыласын да еркін еңсерді. 75 келіде Аманқұл Әбілханның да бәсі жоғары. Ол да үш қарсыласын жеңген мықтылар санатында.Ал «Бритиш Лайонхөртс» В тобында көш бастады. Ол 16 ұпай жинады.Жартылай финалдағы алғашқы кездесу Шеффилдтегі «Пондс Форж Интернешнл» спорт кешенінде өтеді. «Астана арландарының» бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков өнер  көрсететін бес боксшыны атады. Сонымен, жартылай финал жұптары мынадай:49 келі. Галал Яфай – Теміртас Жүсіпов56 келі. Ниал Дин Фаррел – Ілияс Сүлейменов64 келі. Далтон Смит  – Ділмұрат Мижитов75 келі. Бенжамин Уитакер  – Әбілхан Аманқұл91 келі. Чавон Кларк – Арбек Әбдуғаниев.Қарымта кездесу 26 мамыр күні Атырау қаласындағы «Жайық» спорт кешенінде өтеді. Екінші жартылай финалдағы «Франс Файтиң Рустерс» пен «Куба Домадорес» 18 мамырда – Парижде («Салле Уаграм»), 25 мамырда Гаванада («Колизео Сюдад Депортива») кездеседі. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

13.05.2020, 11:46
Қайрат Тұрлыханов өмірден озды
11.05.2020, 18:13
Илья Ильин спорттық карьерасын аяқтады
26.04.2020, 14:43
Илья Илин қайырымдылық акциясына үлес қосты
25.04.2020, 14:01
Футболшылар маскамен ойнайды
24.04.2020, 13:11
Не қымбат: футбол ма, адам ба?
21.04.2020, 16:23
Жақсының жалғасы едіңіз аға

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39