Арыстың үш тұрғыны "жалған хабар таратты" деген күдікке ілінді

03.07.2019, 01:00

40

Арыстағы жарылыстан кейін әлеуметтік желіде «жалған хабар таратты» деген күдікпен алты адам ұсталған. Түркістан облыстық полиция департаментінің 2 шілде күні таратқан ақпаратында күдікті үш адамның ісі бойынша тергеу жұмыстары басталып, тағы үш азаматтың «профилактикалық әңгімеден» кейін босатылғаны айтылған.

"Үш адамға қатысты Қылмыстық кодекстің «көрнеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды" деп хабарлады полиция департаменті баспасөз қызметі.

Арыстағы жарылыстан кейін әлеуметтік желіде оқиға салдарынан қайтыс болғандар көп болуы мүмкін екені жайлы хабарламалар тараған. Билік «көп кісі қаза болған» деген ақпаратты жоққа шығарған.

24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери қойма жарылды. Үкімет мәліметі бойынша, жарылыстан үш адам (Арыс тұрғыны мен екі әскери) қаза тауып, 400-ден астам адам дәрігер көмегіне жүгініп, 80-тен астам азамат ауруханаға жатқызылған. Төтенше жағдайлар қызметі Арыстағы үйлердің 85 пайызы бүлінген деп хабарлаған.

Қазақстан үкіметі жарылыс болған күні 39 мың адамның өз күшімен қаланы тастап шыққанын, үш мыңнан астам адам Түркістан облысы әкімдігі ұсынған автобустармен Шымкентке жеткенін айтқан. 27 маусымда Шымкентте шеруге шыққан жүздеген арыстық соңғы он жыл ішінде төртінші рет жарылыс болған Арыс қаласына бармайтынын айтып, биліктен өздерін басқа жаққа көшіруді талап еткен.

28 маусымда Шымкент пен көрші елді мекендерді уақытша паналаған арыстықтар үйлеріне оралды.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Арыс қаласында бұған дейін бірнеше рет жарылыс болған. 2015 жылы қарашада қаладағы полигон аумағындағы жарылыстан бір адам мерт болған еді. Билік жарылыс әскери оқ-дәрі мен өндіріс қалдықтарын жою кезінде болған деп хабарлаған.

2014 жылы Арыстағы "Қазақжарылысөнеркәсібі" акционерлік қоғамы аумағында болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тапқан.

Он жыл бұрын, 2009 жылы наурызда Арыстағы қоймада жарылғыш заттар жарылып, сақтаулы тұрған оқ-дәрі атылған. Ол оқиғадан төрт адам қаза тауып, жиырмаға тарта адам жапа шеккен еді. Билік жарылысқа қоймадағы қарудың дұрыс сақталмауы және жарылғыш затпен дұрыс жұмыс істемеу себеп болды деп мәлімдеген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57