"Арзамасоваға оқ ату" ісі: Жәбірленуші айыпталушылардың бірін қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады

11.03.2020, 21:37

5

11 наурызда Алматы облысы Талғар аудандық сотында «белсенді Галина Арзамасоваға оқ ату» ісі бойынша үкім оқылуы тиіс болатын. Алайда соңғы сөз алдында жәбірленуші Галина Арзамасова сотқа өтініш түсірді. Онда ол бұрынғы әкімнің жүргізушісі, "өзін атты" деп айыпталған Ғани Смановқа қатысты істі қысқартуды сұрады.

Ғани Сманов — «белсендіге оқ ату» ісі бойынша Панфилов ауылдық округінің сол кездегі әкімі Нұрғали Аппазовпен бірге айыпталған екі адамның бірі.Айыптау актісінде оның «Аппазовтың тапсырмасымен Арзамасоваға оқ атқаны» айтылған.

— Сот-медициналық сараптама қорытындысы оқтың көліктен емес, жоғарыдан атылғанын көрсетті. Бұған қоса, Сманов моральдық-материалдық шығынның бәрін өтеп, менен кешірім сұрады. Сол себепті Смановқа қатысты істі қысқартып, оны сот залынан босатуыңызды сұраймын. Оның кәмелетке толмаған екі баласы бар, — деді Галина Арзамасова сотта.

Прокурор Аймырза Есімқан жәбірленушінің өтінішіне қарсы болмады. Ал шамамен алты айдан бері қамауда отырған Ғани Сманов «белсендіні атпағанын», белсендіге оқ атылған кезде көлік ішінде болғанын айтты.

— Тек сол туралы полицияға дер кезінде айтпағаныма өкінемін, — деді ол. Сманов сотқа куәгер ретінде бірнеше рет шақыртылып, бірақ келмеген куәгерлердің бірін кінәлады. Судьядан өзін босатуды сұрады.

Аппазов та Смановтың кінәсіз екенін айтты.

Сәрсенбілік сотта Нұрғали Аппазовтың адвокаты Бақтыгүл Қадырбекова оқ атқан адамның әлі табылмағанын айтып, істі тергеуге қайта жіберу қажеттігін айтты.

Ал Нұрғали Аппазов өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, кәмелет жасқа толмаған бес бала және қартайған әке-шешесін асырап отырғанын айтып, соттан осы жайтты ескеруді сұрады.

Айыптау актісі "қылмыстық істі ауырлататын жайттардың анықталуына" байланысты бірнеше рет өзгерген. Басында Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі Нұрғали Аппазов пен жүргізушісі Ғани Смановқа «Бұзақылық», «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бабы бойынша айып тағылды деп айтылды. Кейінірек Аппазовқа «Билік өкілетін асыра пайдалану» (362-бап, 1-бөлім, 3-тармақ), "Қылмыс жасауға оқталу" (24-бап, 3-бөлім), «Бөтеннің мүлкін қасақана жою» (202-бап, 2-бөлім), "Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлері" (28-бап, 3-бөлім) баптары бойынша айып тағылғаны белгілі болды.

Бұған дейін прокурор Аппазовты — 7 жылға, Смановты — 3,5 жылға соттауды сұраған еді. Жәбірленуші Арзамасова Аппазовқа жеті жыл беруді қолдаған.

Іс бойынша сот үкімі 16 наурызда оқылады.

Талғар ауданындағы Қарабұлақ ауылының тұрғыны Галина Арзамасоваға 2019 жылдың 26 тамызында Талғар аудандық әкімдігінің алдында травматикалық тапаншадан оқ атылып, жамбас сүйегіне тиген еді. Арзамасова сол күні ауылдастарымен бірге Талғар ауданының бұрынғы әкімі Рыскелді Сәтбаевтың қабылдауына келген. Кейін «Арзамасоваға оқ ату күдігімен Панфилов ауылдық округінің сол кездегі әкімі Нұрғали Аппазов пен оның жүргізушісі Ғани Сманов ұсталған. Аппазов «тапсырыс беруші», Сманов «оқ атқан» деген күдікке ілінген.

Оқи отырыңыз: Арзамасоваға оқ атудың астарында не жатыр?​

64 жастағы Галина Арзамасова мектепте мұғалім болып істеген. Кейінгі жылдары ауылдың әлеуметтік мәселесін қозғап жүрген. Оған 2019 жылдың тамызына дейін де екі мәрте шабуыл жасалған. Ол өзіне жасалған шабуылдарды белсенділігімен байланыстырады.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39