Асан Дарбаев ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Асан Дарбаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа қызметке дейін ол Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы қызметін атқарған.
Асан Дарбаев туралы не білеміз?
Асан Қобентайұлы Дарбаев 1984 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және Ұлыбританиядағы Warwick университетін (Болашақ бағдарламасының стипендиаты) тәмамдаған.
Дарбаевтың еңбек жолы 2005 жылы Қаржы министрлігінің құрылымында басталды. Әр жылдары Алматы облысы бойынша Антимонополиялық басқармада бас маман, бөлім басшысы, сондай-ақ "Бәсекелестік саясатын дамыту және қорғау орталығы" АҚ-да жұмыс істеген.
2013–2014 жылдары Бәсекелестікті қорғау агенттігінде департамент басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2014–2015 жылдары Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінде басқарма басшысы болды.
2015–2019 жылдары осы комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылдан бастап бүгінге дейін Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы қызметін атқарып келді.