Асан Жолдасов. Үлкен жауапкершілік жүктейді

Оқытушы мамандығымен көзге түскен Асан Жолдасов «Қазақстанның 100 жаңаесімі» жобасында жеңімпаз атану қоғам алдында үлкен жауапкершілікті жүктейтінінайтты.
«Бұл жоба бірегей әрі қызықты деп санаймын. Жеңімпаз атанғаннан кейінменің өмірімде елеулі өзгерістер болды. Менің ойымша, бұл қызықты жоба аясындакөптеген дарынды адамдарды табуға мүмкіндік бар. Негізгі, жоба аясында қоғамалдындағы өзіңнің жауапкершілігіңді сезінесің. Сонымен қатар, өзінің қоғамғақаншалықты қомақты пайда келтіре алатыныңды басқа да жас ұстаздарға көрсетеаласың», — деді А. Жолдасов. Осы орайда ол Жастар жылы кезінде мұғалімдергеерекше назар аударылып отырғанын, бұл тұрғыда педагогтарға қатысты елеуліөзгерістер жасалып жатқанын атап өтті. «Жобада жеңімпаз атану — біз үшін үлкенмәртебе әрі жауапкершілік», — деді ол. Оның сөзіне қарағанда, «100 жаңа есім»жобасында іріктелген азаматтармен тәжірибе алмасу нәтижесінде бірлескенжобаларды іске асыру мүмкіндігі бар. «Жеке өзіме қатысты айтатын болсам, көптегенөзгерістер болды. Бірінші кезекте, Қазақстан ұстаздарының қоғамдастығы үшінүлкен жауапкершілікті сезініп отырмын. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстандағымұғалімдер арасында нәзік жандардың үлесі басым. Осы орайда мектепте еразаматтар да көбірек болғаны дұрыс. Жалпы, білім саласына оңтайлы өзгерістеренгізуге ниетті жастар санының арта түсуіне ықпал ете алатынымызға үміттімін», — деді, Айта кетейік, «Қоғам» бағытында математик, бағдарламашы және оқытушыАсан Жолдасов 15 757 дауыспен жеңімпаз атанды. Асан Жолдасов оқушы кезінен-ақматематикадан республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысқан және 19жасында өз мектебін ашқан. Оқытудың арнайы әдістемесін жасап, «Пифагор»мектебін үлкен компанияға айналдырған. Осылайша, 10 жылда 10 мыңнан астам баланыңматематикаға қызығушылығын оятқан. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2019 жылдың 1қазанынан бастап 100janaesim.ruh.kz сайтында «Қазақстанның 2019 жылғы 100 жаңаесімі: жас қазақстандықтардың табыс тарихы» жобасына өтінімдер қабылдаубасталады.
Дереккөзі: inform.kz