Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:11

Асанәлі Әшімов өмірден өтті

Асанәлі Әшімов
Фото: ашық дереккөз

Еңбек Ері және КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов 89 жасында өмірден өтті.

Асанәлі  Әшімов 1937 жылғы 8 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. Өзінің өмірін театр мен кинодағы қызметке арнаған, рөлдері мен қазақ өнерінде өлмес із қалдырған актер, режиссер, педагог. 

Ол ұзақ жылдар бойы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында қызмет етті.

Өзінің қызметі үшін Асанәлі Әшімов - КСРО Халық әртісі атағын алды, Қазақстан Республикасының Еңбек Ері атанды, көптеген мемлекеттік және халықаралық марапатқа ие болды.