Әсет Матаев Парламент депутаттығына кандидат болып тіркелді
Әсет Матаев — Алматыдан Парламент депутаттығына кандидат⠀Тәуелсіз журналист Әсет Матаев мәжіліс депутаттығына кандидат болып тіркелді⠀Бүгін тәуелсіз журналист, медиаменеджер Әсет Матаев ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына түсу үшін кандидатурасы тіркелгені туралы куәлік алды.
Сайлау 19 наурызда өтеді.⠀«Достар, мәреге жетіп қалдық! Бір аптадан соң сайлауалды жұмыстың жария кезеңі басталады және мен нақты жоспарларымды айтып бере аламын. Сіздердің қолдауларыңызды сезініп жатырмын, жазған әр жылы сөздеріңіз үшін рахмет», — деді Әсет Матаев өзінің Telegram-арнасында.⠀Әсет Матаев №5 округте тіркелді. Оған Бостандық, Медеу және Наурызбай аудандары жатады.⠀Қазақстан бойынша сайлауға 29 бірмандатты округтен барлығы 609 кандидат түседі.⠀Еске сала кетейік, Әсет Матаев сайлауға түскісі келетінін 1 ақпанда мәлімдеген еді. ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің басшысы Әсет Матаев пен оның әкесі, Журналистер одағының басшысы Сейітқазы Матаев саяси себептерге байланысты заңсыз сотталған.⠀2022 жылғы шілдеде төртінші талпыныстан соң Жоғары Сот Әсет пен Сейітқазы Матаевты толығымен ақтады.⠀Осыған дейін Әсет Матаев бірнеше өзекті мәселелерге қатысты ұстанымын жеткізді. Ол Алматының Наурызбай ауданындағы су тапшылығы мәселесін көтеріп, жаңа «Масс-медиа туралы» заң жобасына қатысты ұсыныстарын бөлісті. Сондай-ақ Түркия мен Сириядағы қайғылы оқиғаны ескере отырып Алматыда жер сілкінген жағдайда қандай қауіпсіздік шаралары қажет екенін нақтылап, ұсыныстар жасап, ой толғады.