Ашхабадта әйел жүргізушілерге орталық көшемен жүруге тыйым салынып жатыр

18.09.2019, 00:00

12

Ашхабадта жол полициясы қала орталығындағы Түркіменбасы даңғылымен кетіп бара жатқан әйел жүргізушілерді ұстап, бөлімшеге жеткізіп, олардың куәлігіп алып қойып жатыр. Бұл туралы Азаттықтың Түркімен қызметі хабарлады.

«Президент сарайы мен Олимпиада қалашығының бас ғимараттары тұрған орталық магистральдан жүріп өткен әйелдерді полиция жаппай ұстай бастады. Әйелдерді тоқтатады да, көліктері мен жүргізуші куәліктерін алып қойып, мемлекеттік автоинспекцияның (ГАИ) орталық кеңсесіне жеткізеді. Мұны тұрғындар „апарып тастау“ деп атайды» дейді Азаттықтың Ашхабадтағы тілшісі.

Журналистің айтуынша, полиция Түркіменбасы даңғылында тоқтата алмаған жүргізушілерді қуып, басқа көшелерде ұстап алады. «Кейбір полицейлер әйелдерге „Ленин көшесімен (Түркіменбасы даңғылы — ред.) жүрмеңіз, әйтпесе “[бөлімшеге] апарып тастаймыз» деп ескертеді" дейді Азаттық тілшісі.

Жол полициясына сілтеген журналист әйелдерге Түркіменбасы көшесімен жүруге тыйым қыркүйекте күшіне енгенін айтады. "Әйелдердің көбі бұл туралы ұсталғанда бір-ақ біліп жатады" дейді ол.

Полиция бұл тыйым туралы журналиске комментарий бермеді.

Оқи отырыңыз: Түркіменстандағы әйелдердің көлік айдауына тыйым салған жазылмаған «заң»

Биылдан бері Түркіменстанда әйелдер өздерінің жүргізуші куәлігін полиция алып қоятынын не мерзімі өткенде жаңа куәлік жасатпай жатқанын айтып шағынған. Түркіменстан заңында "әйел мен ер құқығы тең" деп жазылған.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27