АШМ суды үнемдеу үшін дақылдардың санын қысқартып жатыр
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі суды үнемдеу үшін ылғал көп қажет ететін дақылдардың санын қысқартып жатыр.
«Барлық тәуекелдерді ескере отырып, Үкімет ылғал көп қажет ететін дақылдарды қысқарту бойынша жұмыс жүргізуде. Мәселен, осы жылы күріш алқабы 6,9 мың гектарға, мақта алқабы 16 мың гектарға қысқартылды. Болашақта бұл жұмыс жалғасады», – деді ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.
Сонымен қатар, 2024 жылғы мамырдан бастап шығындарды субсидиялау нормативі су үнемдеу технологияларын сатып алуға және орнатуға, сондай-ақ бүкіл паспорт бойынша инфрақұрылымға инвестициялық салымдар кезінде 80% құрайды, мұнда 30%-ы жергілікті бюджеттен субсидияланады.
Қосымша фермерлерді заманауи су үнемдеу технологияларын қолдануға ынталандыру мақсатында 2023 жылдың шілде айында суару тәсіліне байланысты субсидиялар мөлшерін саралау бөлігінде фермерлерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілмек.
Яғни, су үнемдеу технологияларын қолданбай суару кезінде өтеу пайызы су беру әдісіне қарамастан үш жыл ішінде кезең-кезеңімен төмендейді және тариф құнына байланысты 30%-дан 55%-ға дейін болады.
«Суды үнемдеу технологияларын қолдана отырып суару кезінде тариф құнына байланысты өтемақы 60%-дан 85%-ға дейін болады. Сондай-ақ биылдан бастап суару жобалары СҚО тәжірибесі шеңберінде кредиттелетіндер тізбесіне енгізілді, ағымдағы жылы жалпы сомасы 32,2 млрд теңгеге 44 жобаны іске асыру жоспарлануда», – деді ведомство өкілі.