Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:27, 27 Маусым 2024

Әшімбаев: Садықовқа қастандық жасады деген күдіктілер Украинаға берілмейді

в
Фото: parlam.kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев журналист Айдос Садықовқа қастандық жасады деп айыпталған екі қазақстандықтың Украинаға берілмейтінін айтты.

Еліміздің заңнамасына сәйкес біздің республика азаматтарымыздың құқықтарына басымдық береді. Сондықтан мұндай жағдайларда біздің еліміз заңнамаға сәйкес Қазақстан азаматтарын бермейді. Бұл аталған жағдайға қатысты емес, жалпы принцип: Қазақстан өз азаматтарын басқа мемлекеттерге бермейді, - деді Әшімбаев.

Сонымен қатар, ол Айдос Садықовқа қастандықты Қазақстан билігі жасады деген сөздің шындыққа жанаспайтынын айтты.

Бұған дейін Украина Бас прокуратурасы қазақстандық журналист Айдос Садықовқа қастандық жасады деген күдіктілерді экстрадициялау ісін бастағанын мәлімдеген болатын.