Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:44, 22 Шілде 2022

Аштық есік қағып тұр...

None
None

Азық-түліктің бағасы күн санап қымбаттап бара жатқалы бері еліміздегі ашқұрсақ халықтың да саны арта түсуде.

Қалағанын емес, қалтасы көтергенін алуға ыңғайланамыз деп халықтың жейтін тамағының құнары да жоғалып барады. Мәселен, биыл Қазақстанда тағамның құнарлы мөлшері бір жылда 9,2%-ға төмендепті. Бұл дерек – 2016 жылы халық тұтынатын калорияны есепке алу енгізілгеннен бергі ең төменгі көрсеткіш екен.

Былтыр да сарапшылар елімізде тойып тамақ ішпейтін адамдардың саны бір жыл ішінде бір жарым есеге өсті деп дабыл қаққан болатын. Сандарды сөйлетіп көрсек,  2020 жылғы 832,5 мың адамның тойып тамақ ішпейтіні белгілі болса, былтыр 1,3 миллион адамның ашқұрсақ жүретіні анықталған. Ал биылғы қымбатшылықтың былтырғыдан екі есе өскенін ескерсек, бұл санның да екі еселенгені анық. Бұл бетімен кете берсе елдің ертеңі не болмақ?! Тойып тамақ жеуі мұң болып отырған халқымыздың денсаулығы да күн санап кері кетіп барады. Ал бұл мәселенің алдын алуда билік не бітіріп жатыр?!

Жақында ғана Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысында салмақты жемқорлық қауіптері барын мәлімдеді. Және елімізде азық-түлік бағасын ұстап тұруға бағытталған 39 млрд теңгенің желге ұшып, негізсіз жұмсалғанын атап өтті. Халық биліктің әрекетінен үміттеніп, қымбатшылықтың алдын алар деп үміттеніп отырғанда, осы мәселеге жауапты құзырлы орындар азық-түлік қымбатшылығының алдын алуға бөлінген миллиардтарды талан-таражға салған. Сөзбе сөз келтірсек, Олжас Бектенов «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысында салмақты жемқорлық қауіптері бар. Қайдағы бір инвестициялық жобаларды жүзеге асыру сылтауымен жем учаскесін конкурстан тыс беру кездеседі. Азық-түлік бағасын тұрақтандыруда ешқандай нәтижесіз 39 млрд теңге жұмсалып кеткен» – деді. Әрине «әркімге өз аузы жақын» десек те, отыз жыл тоналғаны аздай, енді аш отырған халықтың мұңын кім тыңдамақ?!  Осыдан соң билік халықтың досы дей аласыз ба, әлде жауы ма?!

Тегтер: