Аштық жариялаған белсенді Крестьянскийді сот залынан жедел жәрдем әкетті

24.09.2019, 23:00

15

"Қытай жобаларына қарсы" наразылық акциясына қатысқаны үшін 15 тәулікке қамалған алматылық белсенді Геннадий Крестьянскийді 24 қыркүйекте сот залынан жедел жәрдем ауруханаға алып кетті.

Бұл күні Алматы қалалық апелляциялық соты белсендінің бірінші сот инстанциясының шешіміне қарсы түсірген шағымын қарауы тиіс еді. Бірақ сот басталмай тұрып белсендінің жағдайы нашарлап, жедел жәрдем келді.

Жедел жәрдем ауруханасының дәрігері Нұрсұлу Урсинбаева «Крестьянский инсульт алды деген күдік бар, бірақ толық тексеруіміз керек» деді.

18 қыркүйек Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Геннадий Крестьянскийді «рұқсат етілмеген акцияға қатысты» деп 15 тәулікке қамаған. Оны сот 4 қыркүйек күні Алматыда болған "Қытай жобаларына қарсы акцияға қатысқаны үшін" әкімшілік жазаға тартқан. Сот кезінде де Крестьянскийдің денсаулығы нашарлап, екі рет жедел жәрдем көлігі шақыртылған еді. Крестьянский мен адвокаты Салауат Сәскебаев істі денсаулығына байланысты кейінге қалдыруды сұрағанмен, өтініштерін сот қанағаттандырмады.

Кейін адвокат Салауат Сәскебаев Геннадий Крестьянскийдің аштық жариялағанын хабарлаған. Белсенді изоляторда жатқан кезде бірнеше рет қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем келген еді.

16 қыркүйектен бері Қазақстанның бірнеше қаласында 30-дан астам белсенді әкімшілік жазаға тартылған. Оннан астам адамды полиция шақырып, жауап алған. Олардың көбі – қыркүйектің басында "Қытай жобаларына қарсы акцияға" қатысқандар

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16