Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:34, 11 Тамыз 2020

Ашуды әлсізден алу – айуандық

                                                                                                  

Ашуға булыққан  қаршадай бала алтыншы қабаттан мысықтылақтырып жіберді.

Бейкүнә жануарды аялы алақанына салып, әлпештеуге бекінгенбаланың бұл ісіне анасы қарсылық танытқан. Байғұс жануар ақыры зәулім  биіктен жерді сүзе құлап, ажал құшты. Алтыжасар бүлдіршін неге мұндай қадамға барды?

Балада жазық бар ма?

Инстагрампарақшасында белсенділік танытып жүрген педагог-психолог Гүлдана Жаппарханқызыбіздің сауалға мынадай уәж айтты:

–      Меніңойымша, баланың бойында жиналып қалған агрессия бар. Ол  көңіліндегі ащы шерін осылай  сыртқы ортаға шығарды. Бүгін бүлдіршінмысықты лақтырды, ертең адамды лақтырып жібермесіне кім кепіл деген сұрақтуындайды. Бір өкініштісі, сол оқиға бүлдіршіннің санасында қалып қойды. Мұндайжағдайдың  соңы көбінесе  уақыт өте келе,  өзіне-өзі қол жұмсауы, ақырында педофилгеайналуы да мүмкін.  Мұндайдан беті аулақболғай деп тілейік.

Болар іс болды, балаекінші рет қасіретке ұрынып қалмау үшін не істеу керек?

Баланың тағдыры енді анасының қолында. Шешесі ұлын кінәғаитермелейтін сұрақтар қойып, жүйкесін жұқартпай, керісінше, рәуіш сипатта  тілдесуі керек. Әйел ашу үстінде жасағанқылығына өкініш білдіре отырып, жан-жануарларды көпқабатты үйдің пәтеріндеасырау қолайсыздық  тудыратынынұғындырғаны жөн. Ашу үстінде айтқан сөзі үшін перзентінен  кешірім сұрауы ләзім. Бұл тұрғыда психолог-маманныңда қажеттігі туындайды. Мысалы,  жеткіншекке суреттер салғызу арқылы оныторығудан арылтуға болады.

      Қалайболғанда да, балдырғанның  өміріне қаратаңба салынды. Анығында, балада жазық жоқ. Бүлдіршін ата-анасынан көргенін hәм  естігенін санасында түйіп, әке-шешесінің  әр әрекетін  қалтқысыз істейді. Мұны дана бабаларымыз  «Сенің істегеніңді көлеңкең  қайталайды» деп,бір ауыз сөзбен бекіткен.

Ұлт бесігін тербететіндер негебүлінді?

Әйел бір қолыменбесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Әдебі келіскен Әуезовтің бірауыз сөзінің  аясында тектіліктің өнегесіөрнектеледі. Асыл аналарымыз ертеде жаныңды жылытып, жүректі қозғайтын аялы сөздердіауыздарынан  тастамайтын. Қазіргі жасаналар бауыр еті баласы мен өмірлік серігіне өктем сөйлеп, жер-жебіріне жеткізе жекіріп, жігерін құм етуден арланбайды.Мұндайлардың талайын  айналамыздан көріпжүрміз. Керім келіншектер неге бүлінді?  Бұлайша тулауына не себеп? Қоғам бұзды ма, құрбысықұртты ма? Себепсіз салдар болмайды. Сөздің төркіні – қоғамда идеологияқұлдырады. Мәдениеттің төресі, ұлтжандылықтың тұтқасы идеология еді. Осынауқұндылық болмаса, мәдениет пен  білім әдірәм қалады. Бабаларымыз  ұрпағын Құран жолымен  тәрбиеледі. Әжелеріміз  бұдан не кемшін көрді? Зередей зерделі, Ұлжандайұлық аналар Абайдай  дананы тәрбиеледі. Әркімгееліктеуге әуес, өз бойында тектіліктің жұғыны жоқ, жылдап кітап бетін  ашпайтын сырбаз  шешелер  ұлт болашақтарын кімнің ізімен тәрбиелеп жүр?Смартфонның сырылы, ютубтың юморымен бе? Қиялымызды әрі жіберіп зердеге салсақ,Мұхтар Мағауиннің «Жармағында», Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекетіндегі»Мәңгүрттің образында, Ив Престонның «Потерянные поколениясында» осыған жауапбар секілді.

Профессордың  пайымындағы адамгершілік

Көңілдікірлетпейтін керім қазақ: «Адамдықтың төресі – адамгершілік» деп бекер айтпаған.Енді оны батыстың  білдей оқымыстыларығұмырлық азық етуде. Қайсыбір орыс газетінен оқып қалып едім, дәл қазір  аты-жөні есте жоқ,  америкалық  физика-математика ғылымдарының  профессоры  дәрісінің  соңынан тақтаға 1 санын жазады, одан әрі нөлдердішұбыртып тіркейді. Зиялы жан сөйтті де, барлық 0-ді өшіріп, 1-ді ғана қылтитып  қалдырады. Сонда шәкірттері «1 санын негежалғыз  тастадыңыз?» деп сұрайды. Парасаттыпрофессор: «Шұбырған «0» – сендердің қажеттіліктерің:  ақша,  дүние-мүлік,киім-кешек, махаббат, байлық. Басты қажеттілік мынау –«1». Ол – сендердіңадамгершіліктерің, яғни мәдениеттіліктеріңді айғақтайтын құндылық. Бойларыңдаосы қасиет болмаса, адам құлдырап тынады», – деген екен. Профессордың пәлсапасынаалып-қосарымыз жоқ.

Мысық төңірегіндегі машақат

         Жасаналардың жадына түйер мына аңызды қайта  жаңғыртуды жөн көрдік. Бірде ардақты  пайғамбарымыз Мұхаммедтің /с.ғ/  алдына келген  мысық маужырап   ұйықтап қалады.  Адамзаттың асылы жануарды  үркітіп алмау үшін сол арада  шапанының етегін кесіп, тастап кеткен деседі. Оданберіге дейін  әкелеріміз мысықты«марғауым» деп еркелеткен, итті жеті қазынаның бірі санаған. Жер бетінде жүгіргенаң, ұшқан құста кие бар. Жалпы, қоршаған ортаға қамқор көзқараспен қараудыдамыған елдердің халқынан үйренген абзал. Бұл тұрғыда обал-сауаптанжалаңаштанып қалған біз  ұяттымыз. Мәдениеттенкенжелеп тұрған елімізді былтыр француздың киноактрисасы бетке  басқаны есте. Бұл аз ба?  Париж сұлуы БриджитБардо үнсіз кетпеді.  Қазақстанда  жан-жануарлар әлеміне қамқорлықты күшейтуқажеттігін айтып, президентімізге үндеу жазып қалдырған.

      Күнделіктіөмірде әрқайсымыз көшеде қаңғып жүрген ит пен мысықты кезіктіреміз. Барар жер,басар тауы болмай, босып жүрген байғұс жануарлар мұндай күйге қалай түсті? Иесізжосып жүрген жануарлар өлместің күйін кешіп, өліксе жеп күн көруде. Инфекцияошағын ұялататын осы төрт аяқтылар. Алжа-алжасы  шыққан  жануарларды жан баласы жанына жолатпайды. Соңғыкездері Жаратқанның мейірімі түсіп, кезбе  жануарларға волонтерлар бет бұра бастаған. Бейресмиақпарат  бойынша, кеншілер шаһарында жануарларасырайтын  кішігірім 10 орталық бар. Соныңбіріне хабарластық. «Жануарға жәрдем» деп аталатын волонтерлік ұйымның  алты  мүшесі осындай сауапты іспен айналысады. Өзінаталған ұйымның жетекшісі ретінде таныстырған Алена Шмид бүгінде  300-ге жуық ит пен мысықты қамқорлыққа алғандарын айтты.

–      Біздіңқолымызға түскен  ит пен мысықтар әраулаға түнеп жүрген. Оларды бізге кейде тұрғындар  әкеліп береді. Көбінесе хабарлама түссе, өзіміз  алып келеміз. Кейінгі кезде  арнайы рейдке шығып жүрміз. Олардыауқаттандырудан бастап, өзге де қажеттілігіне  есепсіз қаржы керек. Қолға түскен қаражаттыңбасым бөлігін хайуандарды емдеуге жұмсаймыз. Абырой болғанда, әзірге  «Евгения Битнер» және «Витовет»  клиникалары аздаған жеңілдік жасап отыр. Мұныңөзіне шүкіршілік айту парыз. Ақшаны қайдан табасыздар десеңіздер, әлеуметтікжелілер арқылы жинап, тығырықтан әупірімдеп шығып келеміз. Осыған дейін жануарларды  тұрақты ғимаратта ұстап тұруға мүмкіндік болмады. Көшіп-қонумен берекеміз кетті.Осыған дейін мекенжай жалдап келдік. Жақында жомарт жүрек бір жанашырымыз пайдалануданшығып қалған жекеменшік пәтерін бізге сыйға тартты. Қайырымды жанға шексізризашылығымызды жеткізгіміз келеді. Жануарлар қазір жаңа мекенде тұрып жатыр. Біртіндепжөндеу жұмыстарын жүргізудеміз. Асыранды жануарлардың саны күн санап көбейіпкеледі. Бүгін бұрынғылардың қатарына үш ит пен төрт мысық қосылды. Барлығыдімкәс. Аса алаңдарлығы – жұрттың жануарларға деген аяушылық сезімі жоғалған, –деп кейіді сұхбаттасым.

Қазақстандажануарларға  айуандық  жасаушыларды жазалайтын заң солқылдақ. Егеркәмелетке толмаған жасөспірім осындай қадамға барса, Әкімшілік кодекстің  127-бабындакөрсетілгендей, сөз жүзінде қалады. Полицейлер бар болғаны «кішкентай бұзақының»ата-анасымен профилактикалық түсіндіру жұмысын жүргізу шарасымен шектеледі. Шетелдердетабиғат перзенттерінің терісіне байқаусызда тыртық салса да аяушылық жоқ. Америка Құрама Штаттарындажануарды  жеңіл-желпі жаралағаны үшін, атапайтқанда: құлағын тесуге, құйрығын кесуге, родео-спортқа қатыстыруға заңжүзінде тыйым салынған. Түбіміз бір түрік ағайындар ит пен мысықтықорлағандарға қомақты қаржылай айыппұл салады. Үлкен мемлекеттердің үлгіліісінен көкейге түйер тәлім көп.   

 Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Қарағанды қаласы        

  

        

           

Тегтер: