Кеше, 16:38
Асқар Мұстабеков Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Мұстабеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Ал Асқар Мұстабеков осыған дейін Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымын атқарды. Бұл қызметке ол 2024 жылғы 22 қаңтарда тағайындалған болатын.