Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:17, 10 Тамыз 2023

Әскер: цифрлы һәм онлайн

None
None

Қазақстанның Қарулы күштері саласында да цифрлы жүйе енгізілді. Соның арқасында біршама қағазбастылықтан арылуға, уақытты үнемдеп, жұмысты орталықтандыруға қол жетті.

Ендігі кезекте әскери борышын өтемеген азаматтарға әскери билет онлайн форматта ұсынылатын болды.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуынша, мерзімді әскери міндетін өтемеген азаматтар әскери билетті комиссариаттарға барып алудан босатылады. «Енді олар қағаз күйінде емес, цифрлық нұсқада беріледі. Бұл бюджет қаражатын үнемдейді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетеді. Мысалы, қазір әскерге бармағандар әскери билетін комиссариатқа келіп алып кетеді. Сонымен қатар әскери билеті жоғалған кезде оларға айыппұл салынады. Біз аталған процестердің барлығын алып тастаймыз», – деп түсіндірді министрдің орынбасары.

Енді бұдан былай мерзімді әскери міндетін өткермеген азаматтың жеке кабинетінде оның әскери билеті электрондық нұсқада көрсетіледі. Министрдің орынбасары атап өткендей, бұл ұсынысты іске асыру үшін қазір заңнамаға тиісті өзгеріс енгізу жұмыстары қолға алынған.

Онлай форматта құжат рәсімдеу барлық салада қолға алынып жатқаны қуантарлық жайт. Ол көптеген әурешілік пен сыбайластық жемқорлықты ауыздықтайды. Уақытты үнемдеп, қажетті құжат алуды біршама жеңілдетеді.

Министрдің сөзінше, цифрландырудың тиімділігі бюджет қаржысын айтарлықтай үнемдеуде де, 17 жасқа толған, әскерге жарамды жеткіншектерді тіркеуде де байқалатынын айтты. Соның арқасында қазір олар өзін тіркеу үшін жолкіре шығындап, алыс ауылдан қалаға, аудан орталықтарына барудың қажеті жоқ. Енді онлайн түрде бәрі қолжетімді болмақ.

Тегтер: