Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:15

«Әскерде әлімжеттік жоқ»: Қорғаныс министрлігі ақша бопсалау жайлы пікір білдірді

Қаныш Әбубәкіров
Фото: ашық дереккөз

Парламент кулуарында Қорғаныс вице-министрі Қаныш Әбубәкіров әскердегі бопсалау мен «әлімжеттік» туралы тараған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін айтты.

Журналистер кейбір командирлердің сарбаздарды несие рәсімдеуге мәжбүрлейді деген мәліметті алға тартты. Вице-министрдің айтуынша, министрлік мұндай фактілерді тіркеген емес.

Әбубәкіров әлеуметтік желіде тараған видеоларға да тоқталып, әскерде «әлімжеттік» бар деген пікірлер жалған екенін жеткізді. Оның сөзінше, желіде жүріп жатқан «қорлау көріністері бар бейнематериалдардың» әскери бөлімдерге қатысы жоқ — олар «Баткен» көркем фильмінің кадрлары. Бұл видеолар қазақ тіліне қайта дыбысталып, жалған ақпарат ретінде таратылған.

Айта кетейік, ресми органдар бірнеше рет "әскерде әлімжеттік жоқ" деп мәлімдеді. Былтыр қараша айында да ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Руслан Омаров осылай мәлімдеген еді.