Әскерде жаралаған жігіт мүгедектік рәсімдей алмай жүр

01.06.2019, 03:53

5

Әскерге он екі мүшесі сау аттанып, жарымжан болыпоралған  ақтөбелік азамат мүгедектікрәсімдей алмай жүр. Сөзінше өзі қызмет еткен Қарағанды облысындағы әскерибөлімде атыс болып жараланған. Алайда қарулы шабуыл жайында айтуға тыйым салғаәскери бөлім басшылары енді  комиссияғакерек деректерді де бермей отыр дейді. 

21 жастағы Амандық ҚАЛИЕВ осыдан сегіз ай бұрын әскерибөлімде болған атыстан  қатты шошыныпқалғанын айтады. Тіпті күйзелістен енді ғана шығып келеді екен. Көпшілікпенсөйлесуге де құлқы жоқ. Сау баласының әскерден жарымжан болып оралғанына анасыкүйінеді. Әскерде жүріп оңбай жараланған баласының оқ тиген  оң аяғы жарамсыз болып қайтты.  Бір емес сегіз рет ота жасаған дәрігерлер  аяқтың етін сылып алып, қу сүйегін қалдырған дейді.

«Баламды әскерге біржылға жіберген едім. Үйге мүгедек болып оралды. Енді қайда жұмыс істейді? Бүкілөмірі ойран болды. Енді «ФТК»- тен өте алмай жүрміз. Құжаттың түпнұсқасы жоқ.Оны бізге бермейді. Қарағанды жібермей жатыр. Балам Қарағандыдағы № 52859 бөлімдеазаматтық борышын өтеген», — дейді Амандық Қалиевтің анасы Күлән ҚАЛИЕВА.

Күлән Қалиеваның айтуынша былтыр қыркүйек айындаҚарағандыдағы әскери бөлімде сарбаздардың бірі қолына автомат алып, түнжарымында өз қатарластарына оқ жаудырып, офицерлерін қуалап жүріп өлтірмекшіболған. Сол кезде ұлы сарбаздан қаруын тартып алмақшы болып қолынажармасқанда  өзінің аяғына оқ тигізіпалады. Алайда бөлім басшылары Амандық абайсызда аяғын атып алды деп хабартаратып, болған оқиғаны жасырған.

«Талабым баламның шындығын елге айтсын, қалай болғанын.Сондай ерлік жасағанын, офицерлерінің жанын қорғап қалғанын. Бүкіл взводтыңжанын қорғап қалғанын. «Амандық, сен болмағанда біз үйде боламыз ба,болмаймыз ба» деп қасында бірге болған балалары әлі күнге дейін рақметінайтады», — дейді Күлән Қалиева.

Ал Қарағанды облысындағы №52859  әскери бөлімбасшылары болса Амандық Қалиевтің сол бөлімде борышын өтегенін растағыменоқиғаға қатысты да  Амандықтың сырқаты туралы  анықтаманың да не үшін берілмей отырғанынайтқысы жоқ. Қазір әскерден жараланып келген Амандық Қалиев мүгедектікке құжатдайындап жүргенін айтады. Алайда қолында сырқаты туралы анықтамасының түпнұсқасы жоқ. Ал мамандар  ол құжат болмаймүгедеутікті рәсімдей алмаймыз деп отыр.

«Аяғының жүріп тұруышектелген. Жүйке жүйесіне зақым келген. Сүйегі біткенмен аяғының нервісізақымдалған. Сырқаты туралы құжатты түпнұсқасы жоқ. Қалған құжаттары қолында.Дәрігерлер дайындап жатыр», — дейді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші қонкомитеті, Ақтөбе облысы бойынша департаментінің №4 медициналық –әлеуметтіксараптама бөлімінің бас маманы Ақмарал ӘБІЛОВА.

Мамандар әскерден жараланып келген Амандық Қалиевтің оңаяғы жарамсыз екенін айтып отыр. Алайда оған мүгедектік тек сырқаты туралыанықтамасының түпнұсқасын  әкеліптапсырғаннан кейін ғана рәсімделетінін айтады.

Фото: kpbs.org              


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16