Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:00, 28 Ақпан 2026

Әскерден қашқан азаматтар қылмыстық жауапқа тартылады – Қорғаныс министрі

Қосанов
Фото: ашық дереккөз

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов соңғы кездері әскерге қатысты орын алған мәселелер жөнінде пікір білдірді.

Ақорда кулуарында журналистер министрден Отардағы жарақат алған сарбазға қатысты жағдай мен әскердегі жалпы проблемалардың қашан шешілетінін сұрады.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр, сондықтан ақпарат беру әлі мүмкін емес. Сонымен бірге, тергеу нәтижесінде командир қызметінен кеткен.

Қосанов әлеуметтік желіде тараған, әскерге бармай қойған жастарды түрмеге отырғызуы мүмкін деген ақпаратқа да пікір білдірді. 

- Әскерден қашқан жігіттер туралы ақпаратты ішкі істер министрлігіне береміз. Олар сосын іс қозғайды. Алдымен әкімшілік іс қозғалады, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қандай жаза қарастырылатынын сот шешеді, - дейді министр.