16:07, 10 Қаңтар 2024
Әскерден кейінге қалдырған: Антикор әскери бөлім бастығына қарсы іс қозғады
Өскемен қалалық қорғаныс істері басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Өскемен қалалық қорғаныс істері департаментінің кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын хабарлады.
"Ол Қазақстан азаматтарынан мерзімді әскери қызметтен кейінге қалдыру үшін бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеуқанов.