Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:32, 18 Сәуір 2023

Әскерге барған жастардың дүниетанымы кеңейеді

None
None

Соңғы жылдары Қазақстан қарулы күштерінің жағдайы, ішкі тәртібіне баса назар аударылып келеді.

Осыған орай, енді әскердегі шын өмірдің қандай екенін ақпараттандыру үшін блогерлерді әскерге жіберу туралы ұсыныс түсті.

Бұл туралы мәжіліс депутаты Константин Авершин Қазақстан қарулы күштерінің қоғам алдындағы беделі мен жастардың әскерге деген көзқарасын түзету үшін блогерлер де барғаны жөн деп санайды. Мәжіліс депутатының ойынша, көбіне әскерге шақырылғандардың өмірі мен денсаулығына қатысты мәселелер туындап жатады. Осындай жағдайда блогерлерді әскерге жіберіп, қазақстандықтарға әскери қызметтің шынайы қырларын көрсетіп отырса, жастардың Отан алдындағы борышын өтеуден қашпасы анық деп санайды.

— Егер блогерлер әскерде жүріп, ондағы процестерді халыққа таныстырып отырса, қоғам да қарулы күштер туралы тікелей ақпарат ала алады. Сондай-ақ бұл шара әскерге баруға ниет білдіріп отырған патриот жастарға іс жүзінде елдің қорғаныс қабілетін нығайтуына үлесін қосар еді. Олар әскери қызметтің нағыз қиындығы мен ауыртпалығын сезіне отырып, шыңдалады. Осындай қиындықты көрген жастардың дүниетанымы да өзгеріп, барлық нәрсеге жауапкершілікпен, ұқыпты қарайтыны сөзсіз, – дейді Константин Авершин.

Қазір шындығында, қазақ әскері, қарулы күштері туралы жаман ақпараттар көп таралып кеткен болатын. Ал жағымсыз ақпараттардың көбеюін психологтар психологиясы әлсіз, телефонға жабысып өскен жастар әскердің қиындығына шыдай алмайды деп түсіндіреді. Жаман ақпараттың көбеюіне бұл да бір себеп деп ойлайық. Бірақ бұл мәселенің шешімін алдағы уақытта депутаттың ұсынысы қабылданып жатса, әскерге баратын блогерлер нақты ақпарат беріп, толығырақ түсіндіріп береді деп сенеміз.

Тақырыпқа тұздық ретінде айта кетсек, биыл Қазақстанда әскерге баратын жастардың саны артқан. Яғни биыл әскерге он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар шақырылған болатын. Осыған орай, қазіргі жас буын әскерден кетеді деп ойламаймыз. Ал әскерге барудан босатылатын азаматтарға келсек, қазіргі заман талабына сай, әскерден босату бойынша мемлекеттік қызметті электронды түрде алуға болады. Яғни енді мемлекет Қазақстан азаматтары үшін құжатсыз проактивті форматта қол жеткізе алады. Сондай-ақ азаматтарды мерзімді әскери қызметтен босату үшін, әрі әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңының талаптары шеңберінде ұсынылып отыр. Сонымен қатар әскерге шақырушыларға 1414 нөмірі арқылы шақырту мәртебесі туралы хабарлама жіберіліп, мемлекеттік деректер қорында қамтылған Қазақстан Республикасы әскери қызмет туралы заңының талаптарына сәйкес он сегіз бен жиырма жеті жас аралығындағы жас жігіттер алынады. Оған қоса, проактивті қызметтер биылғы жылдың бірінші наурызынан бастап іске қосылатын болады. Ал қазіргі уақытта хабарландырулар әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру мен әскери қызметтен босату бойынша жіберіледі. Дегенмен де Қазақстан азаматы болғаннан кейін әрбір азамат Отан алдындағы борышын аман-есен, абыройлы өтеп қайтқандары өзі үшін де, еліміз үшін де жақсы болмақ.

Тегтер: