Асқар Бейсенғазыұлы. Алмалы сайдағы ұят

25.11.2019, 19:51

6

Бәрі оны кәрі дейді, мүмкін, жас шығар бұл Алатау?!

Тұтқын жеті жылданбері он бес минуттық даладағы дамыл тұсында Алатаудың қар басқан төбе суретінғана көріп келеді. Оның өзі көбіне тұманға оранып бұлдыраса, кейде бұлтқасүңгіп көрінбей қалады. Бұл екілене жұтып жүрген таза ауаны осы таудың сыйы депбілетін. Атам заманнан айқайлап жыласаң да, армандап күлсең де, әуелі, жетіатасынан тартып ауыз шірітіп боқтасаң да мыңқ етпейді тау, шіркін! Бәрі оныкәрі дейді, қарт дейді, мүмкін, жас шығар осы құдіреттің болмысы?! Өз заңы бар.Өз табиғатын өзі жасап тұра береді, асқақтай береді, аспандай береді. Кейдежылан жүріспен жақындап келіп, анау алып тұлғасымен, қорғасын табыт салмағыментөбеңнен мыжитындай...

 

                           *****

Суретші керілгенматаның алдында отыра қалып өзі жазбақшы болған туындысын ойлап тек жасампазадамдар ғана сезінетін боз шабыт күйге кіре бастады. Ертең қалайдасарапшылардың алдында тұруға тиісті туынды санасында сан құбылады. Көңілде бәрікөрікті. Сондай аспап болса ғой, не ойласаң тура соны жасап шығаратын. Ондағажап болар. Дүниенің дамуы да  соғанәкеле жатқан жоқ па?! Ойға келгенін істеу. Ойға қол жететін заман.  Қайран Абай! Көңілдегі көрікті ойдың мынаутынымсыз қозғалысы тықыл уақытқа тәуелді жалғаншы дүниеге шыр етіп туылғанындаөңі қашатынын қалай дөп айтқан.  Көңіліндегідей көркем туғыза алса осыдан кейінсурет салуды алғашқы махаббатымен айрылысқандай біржола өкінішсіз қойып кетугеде бейіл.

 

*****

Тұтқын мұздай сірескен төрт қабырғасы мен төбесі, суықтор көзді қара темір есігінен басқа, бұрышта мүңкіп тұрған дәрет шелегі баржалғыз кісілік қапастағы темір төсекте шалқалап жатты. Ертең осы мекенді талақетіп тастап шықпақ. Дұрысы  шығармақ. Біржола. Еркіндік. Сосын, ауылға бармақ. Әке- шешесіне. Туған ауылына. Біраз ұятсияқты, тұтқын өз бойын билеген қысылыстың аты шынымен ұят па, әлде қапиядақайрылмасқа кеткен аттай жеті жыл шерменделік пе, ол арасын анық ажыратаалмады. Тұтқын қапазға бойын үйретіп алыпты. Бұдан шықпай ақ қойса қолайлы,баяғыдан жанға жайлы секілді. Тамағын ішеді. Он бес минуттық бой жазуда егертұмансыз, бұлтсыз күн болса алатаудың айбынды аппақ төбесін көріп қана өзініңәлмисақтан таулық екенін сезінер. Сосын жалғыз кісілік төсекте жатып ойша өзіде түсіне бермейтін ескі суретті әлемге кіреді де кетеді. Осыны ойлауы мұңекен: — О, Құдайым! Мен құл бола бастаппын! – деп самбырлап темір төскеті зарилетіп атып тұрды.  

***   

Суретші бойына тән шеберлікпен жеті жылдан бері ойшасалып келе жатқан оқиғаны жазуға кірісті. Қала. Алмалы қаласы. Осы бір табиғатытәңірдің өз жасаған көркем суреттей сұлу қалада не болмады дейсің?! Қызық пеншыжық. Қылмыс пен жаза. Жасампаз тұлғалар. Махаббат хикаялары. Болған. Бола дабермек. Алмалыны қоршаған таулар бәріне куә. Алатау бақытқа да, қайғыға да  куә. Тек қана үнсіз куәгер.

Құрқылтайдың ұя салғанындай епті тәбиғи қимылментуындысын жаза бастады. Ең алдымен адам атаның қатты ұялған кейпін, хауа ананыңқорыққан бейнесін жанды көрсеткен жөн болар. Әлде екеуін де ұялтқаны жөн бе?!Ұят ол кезде бар болатын. Жеті жылдың алдында да бар болатын. Ал қазір ұят дегеніңаты бар да өзі жоқ ескі жұрт құсап жоғалған.

 

  ***

Тұтқын ертеңгі бостандық туралы үнсіз тебіренді. Не олбостандық дегені?! Көзі сұғы бір қадалса ажалына апарып бірақ тірейтін тойымсызадамзаттан тасада шаңырақ мүйіздерін шайқай сүзгілесетін дала серілерібұғылардың өзі ұрпақ қалдыру үшін бастарын бәй тігіп жатады. Қылаяғы әлдебіркөрер көзге жексұрындау, ызыңы мол көк шыбындар да ыңғайы келсе жас еттіқұрттатып өз балапандарын өрбітуге жан салып тұрады. Сол аты жер жаратынбостандық дегеннің өзі тұқым қалдыру секілді. Ой сорабы осы араға келгенде,есіне кезінде сан рет құшақтасып өбіскен, бір алманы жарып жескен, арадағы онжас айырмаға қарамай бірі- бірін «жаным» атаған қалың сарықоңыр шаштарыжібектей жұмсақ, бүйрекбет, қиықша қоңыр көзі әлденеге аңсарланып тұратын сарықызды – бойы тұрқы сүмбіталдай, үстінен үнемі жеңіл әрі тән нәпсісін оятыпжіберетін әтірдің иісі үзілмейтін көрші қызды көз алдына келтірді. Шешесі кім-кімге де жанұшырып аңқылдап тұратын шаштараз, өгей әкесі анда-санда шылқа масболғаны болмаса, мектепте күзетші еді де, қыз тігінші болатын.

 

        ***

Суретші өз-өзін тарс есінен шығарып, кәдімгі шәй ішетінкеседей болғанмен домалақ қып-қызыл алмалар шашылған салалы бұтақты алма ағаштыайналдыра дөңгелек жасыл сызық сызып жатты. Құлаш жетпейтін сіңірлі алмадіңінің арғы жағында біреу тығыла, зымиян күліп тұр. Шайтан. Сталин. Ие, сол.Соның өте бір сұрқияланған мұртсыз бейнесі алманы тасалап тұрып күліп тұр.  Алманы айналдыра қоршалған жасыл сызықсыртында жүздері қайғыға батқан ер мен әйел – адам ата мен хауа ана үстілерінекиізтікеннің жапырақтарын жауып жатып екеуі де ұяттан өртене жоғарыға қарапқалыпты. Жандарында жартылай желінген алмалар жатыр.

 

    ****

Тұтқын тігінші қыздың үйінің алдына барғанын есіне алды.Қол телефонның алғаш шыққан кезі. Арт- артынан үш рет қоңыраулатты. Жауап жоқ.Шыдамай үйге кірді. Есікті еппен ашуы ақ мұң екен, сүйіне ыңырсыған тігіншіқыздың даусы естілді. Ыңырсу ырғақты болатын. Ырғақ үдей түсті. Тездеп, қатаятүскен ыңыраныс арасында қиналған қыңқыл да қосылып кетеді. Бұл атылып барыптігінші қыз жатқан есікті жұлқып тартқанда жұмсақ та қалың сарықоңыр шаштарыретсіз бытыраған беті алаулап алған қыз таңдана қараған. Тігінші қыздың үстіндежатып басын бұрған алпысты алқымдаған алпамсадай күзетші –  өгей әкесі екен. Алдымен қытайлық ашық түстіқызыл- жасыл гүлмен көмкерілген көрпені жұлып алды, содан үнсіз қатып қалған тігіншіқыздың әкесінің аяғынан тартып төсектен түсірді, түсірді де бас- көз демей тебебастаған. Енді ойлап тұрса сол оқиғадан бастап бұда ұят деген өліп қалыпты. Алтігінші бола тұрып киімге жарымай жүретін қызда о бастан ұят жоқ шығар, кімбілген?! Бұның отызға келген туылған күнінде өмірінің әптер- тәптерін шығарғаносы ұятсыз оқиғадан соң екі сағаттан кейін екі қолтығынан екі сақшы(полицей)қолтықтап әкетіп бара жатты.

 

***

Суретші суреттің жылт деп аталатын көз тартар жарықнүктесін қайдан шығарарын ойланып ептеп тоқтай қалды. Туындының орта тұсынкөрнекі етіп алса онда баспалап шайтан тұр. Шайтанның назары адам атада. Адамаспанға қарайды. Аспаннан тау құлап келеді. Алатау.

 

***

Тұтқын қатты төсекте оң қырына аунап түсті. Мұны солкезде сотсыз жеті жылға соттап жібергенін тергеуші айтқан. Сонда тігінші қыздыңөгей әкесін өлтіріп алдым ба деп ойлаған. Өлмепті. Арыз да жазбаған. Мүлдебасқа себебі болған екен. Өзінің ойы жеті жылдық ғұмырын ұрлапты.

 

***

Суретші суретті қан тамырымен салып жатқандай. Қолдарыкерілген кенеп пен едендегі бояудың арасында алма- кезек қыдырыстайды. Суретсалып жатқанда ол өте еркін де өңді, бала қимылды пәк кейпін табатын. Еркіндікдегеннің өзі бұл дүниеде тек қана жасампаздықпен шұғылданған жанның өзге біржандық сипатта тұрып жан- жүрегімен сүйген дүниені жасап жатқан кездегі сәтқана болса керек. Болмаса, бұл дүниеден шексіз еркіндік іздеген бекер. Құлдықіздемесең болды да.

 

***

Тұтқын ерте оянды. Темір есік сарт- шұрт етіп барыпшыңылдап құлақ майын жегенше әлде бір суретті оқиғаны көңілмен көріп жатты.

Жасауылдың артынан еріп келе жатып жеті жылдан бері тұрақболған суық түрмеге өзінің бауыр басып қалғанын осымен неше мәрте сезініп баражатты.

Иә, бауырым! Мынау жеке куәлігің, мынау жолдығың! Жолыңболсын!

Қара мұртты қағылез түрме бастығы мұның бостандыққашыққанына қуанбайтын сыңайлы, қорқатын секілді.

Далаға шыққанда барып өзін шынымен босатқанын білді.Басын көтере қарап тауды іздеген. Сол маңғаз қалпы екен.                                                                                                                                 

Суретші алатаудың мәңгілік қар мұз басқан биігін әлде бірсарғыш нұр аралас жамылған жарқын әрі құдыретті күйде төндіре түсті. Осы біркөріністі көріп келе жатқалы қай заман. Көкейде әбден пысқан. Орныққан. Ұяттыхауа анаға ұзақ тесілді, бүйрек бетті, шаштары қалың әрі жұмсақ, қиықша қоңыркөздерінде ұят пен үрей шарпыса аспанға да адам атаға да аңырған күйде. «Несібар, оларда ұят болды» деп күбірледі.

 

***

Тұтқын еркіндіктің қадірін тұтқын ғана білетінін аңғарды.Құлдар аңғара алмайды еркіндікті. Өзі де құл бола жаздап қалған-ды. Таксигеотырып ауылының атын айтты. Көлік терезесінен жайнап тұрған Алмалы қаласынкөргенде тіптен танымай қалған. Ійге салған теріше далиған қала, әлі бітеремес. Созылып жатыр. Жайылып барады. Межелі жерге жетіп көліктен түсе қалғандаөз көзіне өзі сенбеді. Жеті жылдың алдындағы бытырап малы өретін, тауықтарықыт- қыттап қалаға баратын үлкен жолға шығап кете беретін отыз үйлі ауыл жоқ. Самсағанбиік үйлері аспанға тік шаншыла, заулаған түрлі- түсті көліктер дабылдатазуылдап, түрлі дыбыстар мен түрлі иістерге толы көшеде дамылсыз адам көшкініжан- жаққа толассыз тартып барады. Ауыл жоқ. Басында басы айналып тұрып қалған.Такси жүргізушісі алдаған, не түсінбестік болды деп білген, соңынан бәрітүсінікті болды. Қала іргесіндегі шағын ауыл қалаға қосылып үлгеріпті. Бара-бара ұзақтағы ауылдар тек қана ақылды байлар мен у-шудан безінген таза жандарғана мекендейтін рахат мекен болып қалар. Кім білсін?!

Бала кезде жұмыртқа жинап, қой алдынан шығатын үй орнындакөп қабаты сәнді тас үй маңқиып тұр. Сұрастыра жүріп тапты. Қартайған әке- шешеқуанған кейіп танытқаны болмаса, сағынбаған сыңайлы. Әйтеуір, аңқылдап қояды.Өзі де қайта үйірін тапқан саяқтай шұрқырап кісінісе кетпеді. Осының бәріболуға тиісті істер сияқты.

 – Енді суретсалғаныңды қой, айналайын! Бір сурет салам деп қанша жыл қамалдың ғой, қарныңашқан шығар, қазыр!

Қарт анасы күйбеңдеп ас үйге ұмтылды.

Жеті жылдың алдында тігінші қыздың өгей әкесін сабарданекі күн бұрын шағын карикатура (сайқы- мазақ сурет) жасаған. Онда тақта бетінтүгел алған күн көтерген қыраны бар көк тудың екі шеті жыртылып бір шетіненқытайдың қан қызыл туы жыртықтан сығаласа, енді бір жырымынан орыстың үш түстітуы ентелеп тұрды. Дәл сол кезде «шетелге жер сатылмасын!» деп ұрандатқан арасындамұның карикатурасы бар суреттерді көтерген халық Алмалы көшелерінде теңіздейтолқып жүрді. Көп ұзамай «мемлекеттік рамізді қорлады» деген алыпсоқ саясиқылмыспен ерекше тұтқын болып, сол кесікті кезеңін өтеп те шыққан беті еді.

Ертесінде досының үйіне барды. Арық денесіне қап-қара пальтосықолқылдап үйінен шыққан досы бәз баяғы ұзын шашты қалпы екен. Мұның тықырбасына қарап аздап тосаңсып тұрды. Сосын, үлгерсе төрт күн ішінде Алмалы қаласытуралы бір туынды салуға кеңес берді. Жоғалған абыройын тіктеп алар еді, оныңүстіне біршама ақша сыйақысы бар. Қазыр көркеөнерге ерекше ілтипат пайдаболғанын да ескертті. Суретші арықша келген көзілдірікті қалалық досынан кергішалды. Бояу мен кенепті қайдан сатып алатынын біліп сурет салуға бекінді. Алмалықаласы туралы сыйақысы бар көркемөнер сайысына өзінің жеті жыл ойында жүрген«Алмалы сайдағы ұят» атты туындысын қоспаққа ниеттеніп ақ кетті.

Суретші не бары он бес минут ішінде жеті жыл бойыдайындаған туындысын жазып шықты. Суретте ежелгі аңыз. Өте сұлу жаратылған алмаағашын айналдыра көмкерген жасыл сызықтың сытында адам ата мен хауа анажапырақтан киім жамылып аспанға ұяла аңырып қалған. Алманыңың діңіне тасаланғаншайтан сұрқия жымияды. Аспаннан Алатау төніп тұр.

Бір көрген жан ежелгі жантебірентерлік аңызды көреді десүйіне аңыз ішенен өзін іздеп телміре қалатын сұлу сурет. «Алмлы сайдағы ұят»деген тақырыбына қарап хауа ананың шайтанның азғыруына еріп күнәға батуы, өзіғана емес адам атаны да күнәға ортақтастыруы танылмақ. Сол адамзаттың тұңғышкүнәсімен бірге ұяты көрініс береді. Демек, алма жемей тұрып күнәсіз күйде адамұят дегенді білмеген екен де, күнә жасай салысымен ұятты сезініп, тәндерін жабабастаған. Киім ұяттың басы екен. Киімсіз мына заманда ұят жоғы түсінікті.Қоғамның бұзылуы да әйелден- ұяттан болса түзелуі де солардан болатыны белгілі.Алмалы болса алманың отаны. «Алма» сөзі де Тәңірі тағаланың бұйрығы ретіндеқазақта ғана қолданылады.

Суретші қатты қалжырағанын аңғарды. Жеті жылдық өмірінбосқа өткізбепті. Мейлі, сыйлық алмаса да ол өз өміріндегі бір туындыны жасапүлгерді. Суретші суретке жақындап барып ешкімге ұқсамайтын қолын қойды. Шегінеберіп сүйсініп күле берді. Дұрыстап қараған жанға, оның өзінде тек шеберлергеғана көрінетін осы бір ежелгі терең мәнді аңызбен қатарлас салынған карикатурабар болатын.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34