Ассамблея дұрыс саясат ұстана алмай отыр

03.03.2020, 17:42

15

Ассамблея бүгінгікүнге дейін  елдегі диаспораларға қатыстыдұрыс саясат жүргізе алмады. Оны Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасыныңорынбасары Жансейіт Түймебаевтың өзі де ашық мойындады.

     Астанада өткен«Қазақстандағы этносаяси маңызды мәселелер: сарапшылар пікірі» атты дөңгелек үстелдекөп нәрсе айтылды. Ақиқаты, осы пікірсайыс алаңында «Қордайдағы дүнген этникалықтобының оқшаулануына көрші елдердің ықпалы болуы мүмкін» деген пікір де өрбіді.

Мәселен, Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, дүнгендердің көпшілігібалаларын Қырғызстанда және Қытайда оқытады. Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасыныңорынбасары мұны Қытайдың, Ресейдің, Қырғызстанның ұялы байланыс операторларын,спутниктік телеарнасын   жергілікті биліктің әлеуметтік салаларды бақылаусызқалдырғанынан көреді.

   – Білімберу, денсаулық сақтау, жер пайдалану, әлеуметтік, еңбек қатынастары, ақпараттықкеңістіктегі шешілмеген мәселелер мемлекеттік шекарада жабық этникалық қауымдастықтыңпайда болуына әкеліп соқты. Сондықтан этникалық жабық қауымдастықтарда әлеуметтік,тұрмыстық, еңбек, криминалды шиеленістер көп жағдайда этносаралық сипат алыпкетеді. Кез келген кісі өлтіру, зорлау, төбелес секілді резонансты қылмыстарэтносаралық шиеленіске от қоюы мүмкін, – деді ол.

    Жалпы, бұлжерде мына бір мәселені айта кеткен жөн. Этносаралық қақтығысты болдырмау үшінне істелінуі керек?

     –Этносаралық қатынастардыреттейтін заң жоқ. ҚХА туралы заңда олардың қызметін регламенттейтін шектемелінормалар ғана қарастырылған.

ҚХА хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» РМК мемлекеттікорган болып табылмайды. Сондықтан оларға қажетті өкілеттіктер берілмеген. Алжергілікті жерлерде этносаралық қатынастар жөніндегі жұмыстар қалдық қағидатыбойынша жүргізіледі. Кейбір аймақ әкімдері ҚХА төрағалары бола тұра, бұл жұмыстанқол үзіп кеткен, – деді ҚХА төрағасының орынбасары. Бұл орайда, Түймебаев «этносаралыққатынастарды реттеу үшін  ғылыми, сараптамалық,болжау жұмыстарын жаңа деңгейге көтеру қажет. Сонымен қатар ол этносаясат мәселелеріжөніндегі ғылыми -зерттеу институтын құру керектігін» айтты.

       Бірақ Түймебаевосылай деп айтқанымен, түйін тереңде тұр. Жиырма бес жыл бойы «Қазақстанда 140 ұлтпен ұлыстың өкілдері тұрады» деп ұрандаттық. Тіпті Қазақстан халқы ассамблеясын«Кіші БҰҰ» деп те атап жібердік. Ал сол «кіші БҰҰ» мәдени іс-шара мен концерт қоюдың орталығына ғана айналды. Бір ғанамысал,  1 Мамыр қарсаңында Қазақстандағы әрдиаспораның мәдени іс-шарасында бірыңғай жаттанды жасанды көрмелер ғана өткізіледі.Ақордадан келген өкілдер соны жағалап көреді де, кері қайтады. Іс-шара осыменбітеді.

     Не істеукерек? Мемлекет қазынасынан қыруар қаржы бөлініп жатқан ассамблея өзге диаспораөкілдеріне қазақтың тілін де үйрете алмай отыр ғой. Президент Қасым-Жомарт ТоқаевҚордай сапарына жол жүрер алдында бірер күн бұрын бір шындықты айтты.  

     –Біздің ұранымыз:сан алуандықтағы бірлік. Осы жерде тұрып жатқан барлық ұлттар, этникалық топтар,шындығына келгенде, бір ұлт саналады. Шетел бізді «қазақтар» деп біледі. Өйткенібіздің мемлекетіміздің атауы дәл осы сөзбен астасып жатыр, – деді президент.

      Бұл енді ақиқат.  Десек те, этносаралық қақтығысты реттеу үшін міндеттітүрде адам өлуі керек пе немесе қайбір аймақта қандай да бір қақтығыс болуы қажетпе? Біз осы уақытқа дейінгі жүйенің жіберген қателіктерін орнына келтіре алмайотырмыз. Тіпті ашығын айтайық, этносаралық қақтығысты реттеу үшін осы тақылеттесзаң жобасының қажеттілігі  де шамалы. Дұрысы,«бір ұлт, бір ел – бір мақсат» атты мемлекеттік саясат жүргізу қажет. Сонымен қатаросы саясатты елдегі басқа диаспораларға міндеттеу керек.  Осы орайда, сарапшы Шыңғыс Мұқан: «Біздің ассамблеяныңниеті дұрыс болғанымен, қолданып келген идеологиялық құралы мен ұстанымы дұрысемес. «Бір ұлтпыз» деп бірлікке шақырудың орнына «130 ұлтпыз» деп бөледі.  Алғыс айту күнінен гөрі маған Қазақ(стан) халқыныңбірлігі күні ұнайды. Ассамблеяға тойлайтын дата керек болса, «көп этностар қазақұлты болып біріккен күн» деп, 1 Мамырды таргеттеу керек», – дейді.

    Жаны бар пікір.Бұдан шығатын қорытынды не? Ақиқатын айтайық, ассамблея институттық құрылым  ретінде дәл қазір өзін-өзі  ақтап отырған жоқ. Мұны Ақорданың маңайындағыларда, оның төрағасы да  мойындауы қажет. Егеролай болмаған жағдайда ассамблеяны реформалап,  басына ұлтжанды, жүрегі «қазақ»  деп соққан адам келгені дұрыс. Ол азамат этникалықтоптардың бір ұлт екенін ұғындыратын саясат жүргізгені абзал. Олай болмаған жағдайдаТүймебаевтың түйткілі шешілмеген күйі қала береді.

                                                                       Еркін ҚАЛДАН






Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

20.03.2020, 20:04
Әртіс әкімдер
10.03.2020, 15:30
Шыңжаңның шырғалаңға түсуі
09.03.2020, 13:56
Қарағандылық белсенді Божконы сотқа берді
23.08.2019, 18:50
Astana Hub 5 елмен меморандумға қол қойды
16.06.2019, 12:44
«Ел алдында жүзім ашық болса деймін»
14.06.2019, 04:45
Митинг: Орыстілді журналист әріптесінің үстінен полицияға шағымданды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39