Associated Press: Қытай коронавирус жайлы мәліметті жасырған

03.06.2020, 14:45

21

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Пекинді коронавирус індетіне дер кезінде жауап берді деп мақтағанмен Қытай билігінің қаңтар айындағы әрекеті сонша мақтауға тұрмайды. 2 маусымда жариялаған мақаласында Associated Press (AP)​ осылай деп жазған.

Пекин коронавирусқа «дер кезінде жауап берді» деуге келмейді. ДДСҰ Қытай ашықтық танытты деп айтқанмен шын мәнінде Қытай билігі әлем, оның ішінде бірінші кезекте ДДСҰ қажетсінген ақпаратты шектеген деп жазды агенттік.

Қытай вирус ерекшілігі туралы зертхана мәліметтерімен бөліскісі келмей, індет қаупін жасырған кезде әр түрлі елдерде орналасқан үш зертхана коронавирустың "құпиясын ашып үлгерген".

Ондаған сұхбат пен түрлі деректерге сүйенген АР ақпаратты қатаң бақылап, мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінде бәсекеге жол бермеген Қытай сол кезде айыптауға лайық еді деп жазды.

Қытай үкіметінен бұрын басқа зертхана 11 қаңтарда вирусология мәселелеріне арналған сайтта коронавирус туралы мәлімет жариялағаннан кейін Қытайдың үкіметтік зертханалары геном жайлы ақпарат берді. Бірақ бұдан кейін де Қытай екі апта бойы мәлімет беруге ықылас танытпады. ДДСҰ жабық отырыстарының хаттамасына сәйкес, дәл осы кезеңде әлем науқастар және вирустың тарауы туралы толымды мәліметке зәру болған. АР егер сол кезде толымды мәліметтер болғанда бәлкім, коронавирустың зардабын азайтуға септесер ме еді немесе оның тарауын бәсеңдетуге болар ма еді деп топшылайды.

Құпия дереккөзге сүйенген агенттіктің жазуынша, ДДСҰ-ның ресми өкілдері сол кезде қажетті ақпарат алу үшін Қытайды көптің көзінше мақтаған болуы мүмкін. Ал жеке кездесулер кезінде Қытай тарабы вирус туралы қажетті ақпаратты бермей отыр деп шағымданған. Қытай мамандары ДДСҰ-ға коронавирустың басқа елдерге тарау қаупі туралы болжамдарымен де бөліспеген. Ал халықаралық сарапшылардың айтуынша, толымды ақпаратсыз коронавируспен күрес жоспарын құрастыру өте қиын.

/* BANNER 3 COLUMN */ #corona-banner-GR-1636 { background: url(https://gdb.rferl.org/07829361-768A-414D-98AE-F30F33BDF8DD.jpg) no-repeat center center; -webkit-box-align: center; -ms-flex-align: center; -ms-grid-row-align: center; align-items: center; background-size: cover; padding: 0 15px; text-align: center; height: 100px; -webkit-filter: brightness(80%) contrast(120%); filter: brightness(80%) contrast(120%); position: relative; float: none; } #corona-banner-GR-1636:after { content:''; position: absolute; width: 100%; height: 100%; background: rgba(0,0,0,.2); top: 0; left: 0; } #corona-banner-GR-1636 .banner__text { color: white; text-transform: uppercase; z-index: 1; text-shadow:1px 1px 8px rgba(0,0,0,.8); } #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 37px; line-height: .8; transition: all .3s; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 39px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 20px; line-height: .9; } @media(max-width: 480px) { #corona-banner-GR-1636 .banner__title { font-size: 28px; } #corona-banner-GR-1636:hover .banner__title { font-size: 30px; } #corona-banner-GR-1636 .banner__subtitle { font-size: 15px; } } }

LIVE Коронавирус
Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11