Астана - Алматы күре жолының алғашқы төрт жолағы ашылды
Астана мен Алматыны байланыстыратын күре жолдың Орталық-Оңтүстік дәлізінің алғашқы учаскелері жоспарлы түрде іске қосылды. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.
Бүгін Қарағанды-Балқаш күре жолының алғашқы төрт жолағы ашылды. Қарағанды қаласынан Ақбастау ауылына дейінгі аралықта жаңа асфальт төселіп, төрт жолақты жол толығымен ашылды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тосқауыл қоршауы орнатылды, делінген хабарламада.
Қарағанды-Балқаш күре жолының жалпы ұзындығы 363 шақырым. Күре жол I санатқа ие және төрт жолақтан тұрады.
Қайта құру жұмыстары аясында 11 көпір, ауыл шаруашылығы техникасының өтуі үшін арналған 32 жол өтпесі, көлік айрығы және темір жол арқылы өтетін жол өтпесінің құрылысы толық аяқталды.
Бұл күре жол толығымен жаңа асфальтпен қамтылған.