Астана атауын қайтаруға қанша ақша жұмсалады?

Бұған дейін Елорда мәслихатының хатшысы Ерлан Қаналимов Астана атауын қайтаруға қанша ақша жұмсалатынын айтқан болатын.
Елорданың атауы 2019 жылы өзгергенде 30 миллион теңге жұмсалған еді. Менің ойымша, биылғы шығындар одан да аз болады,
— деді Ерлан Каналимов.
Сондай-ақ ол қала атауының өзгеру тәртібін де түсіндірді.
Біріншіден, бүгінгідей халық арасында талқылаймыз. Мәслихат шешімінен кейін Республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтеді. Содан кейін құжаттар Үкіметке жіберіледі. Ал Үкімет өз кезегінде Жарлық жобасын Президенттің қол қоюына енгізеді,
— деді Мәслихат хатшысы.
Осыдан кейін қалалық депутаттар елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару бастамасын бірауыздан қолдап, дауыс берді.
Оқи отырыңыз: Елордадағы Nur-Sultan жазулары алына бастады
Қазақстан астанасының атауын өзгерту туралы Жарлық күшіне енді
Жолбарыс терісін жамылған «Нұр отан» шекпен киіп «Аманатқа» айналды