Астана әуежайында 40 жуық рейс кешіктірілді
Астана халықаралық әуежайында 39 әуе рейсі кешіктіріліп жатыр.
Астана халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше:
-
23 рейс – ұшып келуде,
-
16 рейс – ұшып шығуда кешігіп орындалуда.
Әуежай өкілдерінің айтуынша, ұшып шығу рейстерінің кешігуіне әуе кемелерінің бастапқы бағыттарынан кеш келуі себеп болып отыр.
"Әуежай тарапынан барлық қызметтер қалыпты режимде жұмыс істеп, рейстер келген сайын уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде", - делінген хабарламада.
Жолаушыларға рейстердің өзекті мәртебесін авиакомпания өкілдерінен нақтылап алуға кеңес беріледі.
Айта кетейік, бұған дейін Air Astana 4 қаңтар күні Астанадағы қолайсыз ауа райына байланысты Алматыдан орындалатын рейстерде ротациялық кешігулер мен кестедегі өзгерістер жалғасып жатқанын хабарлаған болатын.