09:00, 13 Шілде 2023
«Астана» грузиялық команданы жеңе алмады

«Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңін аясында грузиялық «Динамо» Тбилисимен кездесті.
«Астана Аренада» өткен ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Елордалық команда бірінші таймда Абат Айымбетов соққан голдың ақрасында алға шыққан, бірақ қонақтар екінші таймда есепті теңестіріп кетті.
Қос команда арасындағы қарымта ойын 19 шілдеде Тбилисиде өтеді.
Чемпиондар лигасы. Іріктеу. Бірінші раунд. Бірінші матч.
«Астана» (Астана, Қазақстан) — «Динамо» (Тбилиси, Грузия) — 1:1 (1:0)
Гол соққандар: Айымбетов 11 (1:0), Сигуа 57 (1:1)
Төреші: Чокирка (Аустрия)
12 шілде. Астана. «Астана Арена».