Astana Hub 5 елмен меморандумға қол қойды

23.08.2019, 18:50

18

«Road show Astana Hub» бағдарламасының бірінші ағымының қорытындысы бойынша IT-стартаптардың халықаралық технопаркі Сингапурдың, Украинаның, Ресейдің, Ұлыбританияның және Қытайдың жетекші технопарктерімен және инновациялық компанияларымен 9 меморандумға қол қойды.

Roadshow Astana Hub — әлемдегі ірі технологиялық көрмелерге қазақстандық стартаптарды дайындау және жөнелту бағдарламасы. Жобаның басты мақсаты — отандық стартаптарды одан әрі масштабтау және шетелдік инвестицияларды тарту үшін сыртқы нарықтарда жылжыту болып табылады. 

Өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу Қазақстанның экожүйесін дамытуға баға жетпес үлес қосады, бұл жобаларды өзара іс-қимыл және үйлестіру жолымен Қазақстандық инновациялық стартаптарды халықаралық аренада ілгерілетуге көмектеседі. Тараптар инвестициялық мәдениетті дамытуды танымал етуге және өңір мен әлемдік индустрия үшін өзекті міндеттерді шешуге бағытталған оқыту іс-шараларын өткізуді жоспарлап отыр. Бұл іс-шаралар: бірлескен акселерациялық және инкубациялық бағдарламаларға, белгілі бір салаларда стартаптар мен сарапшыларды алмасу бағдарламаларына қатысу және өткізу.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама  аясында бірінші легінің қатысушылары Киевте iForum, Сингапурда Echelon Asia Summit, Мәскеуде Startup Village, Минскіде EMERGE және Шанхайда Mobile World Congress көрмелерінде болды.

Astana Hub баспасөз қызметінің мәліметінше, бағдарламаның екінші легін іске қосу ағымдағы жылдың төртінші тоқсанына белгіленді. Конкурстық комиссия келесі салаларда 9 стартап-жобаны іріктеп алды, олардың ішінде: киберқауіпсіздік, биотехнология, Smart City, қаржы технологиялары, көлік және логистика, толықтырылған шындық және онлайн дүкен — маркетплейс бағыттарын дамыту. Жобаларды іріктеу кезінде басты критерийлер ретінде -  технологиялық шешімнің, халықаралық нарыққа шығу стратегиясының, сондай-ақ бизнестің ауқымдылығы мен ағылшын тілін білу дағдалары бағаланады. Бағдарлама аясында екінші лектің қатысушылары Сан-Францискодағы TechCrunch Disrupt (АҚШ), Дубайдағы GITEX (БАӘ), Лиссабондағы WebSummit (Португалия), Хельсинкидегі Slush Helsinki (Финляндия) сияқты көрмелерге қатысуды көздеп отыр.

Айта кететін жағдай, тиімді және жемісті сапар үшін Astana Hub командасы стартап-жобаларға толық қолдау көрсетеді, оның ішінде: стартап жоба өкілінің ұшып келуі және тұруы, вебинарлар мен оффлайн — консультациялар түрінде дайындық семинарларын ұйымдастыру; көрме стендін әзірлеу, сапар бағытын және әлеуетті инвесторлармен және инвестициялық компаниялармен кездесулер жоспарын қалыптастыру.

Фото: bnews.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

20.03.2020, 20:04
Әртіс әкімдер
10.03.2020, 15:30
Шыңжаңның шырғалаңға түсуі
09.03.2020, 13:56
Қарағандылық белсенді Божконы сотқа берді
03.03.2020, 17:42
Ассамблея дұрыс саясат ұстана алмай отыр
16.06.2019, 12:44
«Ел алдында жүзім ашық болса деймін»
14.06.2019, 04:45
Митинг: Орыстілді журналист әріптесінің үстінен полицияға шағымданды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39