Астанада интернет-алаяқтықпен күрес қалай жүріп жатыр
Биылғы жылы қаржылық және инвестициялық пирамиданың құрбаны болған адамдар санында шек жоқ. 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында жедел тексеру шараларының нәтижесінде жалпы өңірлер бойынша 36 құқық бұзушылық тіркелсе, оның 4-еуі Астанада қаласында орын алғаны белгілі болды.
Белгілі болғандай қаржы пирамидаларын құрушылар технологиялық жағынан ілгерілеуде және барған сайын жетілдірілген әрекет етуде. Соған қарсы қалалық Экономикалық даму министрілігі ақпараттық қауіпсіздік шараларын, алаяқтармен күрес жұмыстарын жүргізуде. Қаржылық пирамидаларды жасаушыларға қарсы тұру және олардың қызметін дер кезінде жолын кесу үшін мамандар жаңа технологияларды пайдаланады, жасанды интеллект жүйелерінің көмегіне жүгінеді және криптовалюта биржаларымен белсенді әрекеттеседі.
2023 жылдың басынан бері @BAIQApiramidaBOT телеграм боты жұмыс істейді, оның көмегімен қазақстандықтар веб-сайттар мен әлеуметтік желілерде қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғын өз бетінше тексере алады. Пайдаланушы компанияның веб-сайтына, Instagram парақшасына, тобына сілтеме енгізуі керек
ВКонтакте немесе телеграм каналы. Сондай-ақ БСН арқылы ақша салып, ақша табуды ұсынатын компанияны тексеруге болады. ҚР АФМ мәліметінше, биылғы жылдың үш айында Қазақстанда қаржылық пирамида белгілері бар 3600 сайт пен аккаунт бұғатталған.
Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері азаматтарға әлеуметтік желілер мен интернет-сайттарды сақтықпен қолдануды ескертті.