Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:00

Астана-Қарағанды тасжолында бірнеше көлік соғылды: бір адам қаза тапты

Жол апаиы
Фото: скриншот

Астана-Қарағанды тасжолында Ошаганды ауылы маңында жеті көлік соғысты.

Апат 10 наурыз күні шамамен сағат 11:00-де Қарағанды бағытына қарай 147-шақырымда тіркелген.

Қарағанды облысы полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, жол апатына ауа райының күрт нашарлауы себеп болған. Атап айтқанда, боран, қатты жел мен қар салдарынан жол көрінбей қалған.

Жол апаты салдарынан Toyota Land Cruiser көлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ УАЗ Hunter көлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Полицияның мәліметінше, алдымен Chevrolet Nexia мен Chery Tiggo соғысқан. Кейін Toyota Land Cruiser Chery Tiggo көлігіне соғылған. Одан кейін Land Cruiser-ге жүк көлігі келіп соғысқан. Бұдан соң көліктер «ҚазАвтоЖол» қызметтік пикапы мен УАЗ Hunter көлігіне соғылған.

Полицияның нақтылауынша, Toyota Land Cruiser мен УАЗ Hunter жол қозғалысына енгізілген шектеуге дейін трассаға шығып кеткен.

Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар бөлімшелері және жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Тегтер: