Бүгін, 09:00
Астана маңында дамба жарылды
Ақмола облысы Қорғалжын ауданында, Сабынды ауылының маңында «Шоптыкөл» бөгеті (дамбасы) жарылды.
Қызметтердің мәліметінше, су елді мекен бағытына қарай алқаптармен таралып, Астана – Қорғалжын республикалық автожолының 75-шақырымын кесіп өтуде. Алайда жолдың үстіне су шығуына жол берілген жоқ.
Қазіргі уақытта Ақмола облыстық филиалының жол қызметтері республикалық автожолды сақтау үшін жедел шаралар қабылдауда. Оқиға орнында 14 арнайы техника мен 30-дан астам жол жұмысшысы жұмылдырылған. Сонымен қатар инертті материалдар дайындалып, жеткізілуде.
Мәліметке сәйкес, бұл учаскеде үш көзді су өткізу құбыры қалыпты режимде жұмыс істеп, суды толық көлемде өткізіп жатыр.
Жауапты қызметтердің хабарлауынша, жол бүлінбеген, көлік қозғалысы шектелмеген.