Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:00, 30 Қаңтар 2026

Астана маңындағы Қосшыда 10 жастағы қыз жаттығу кезінде қаза тапты

1
Фото: ашық дереккөз

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай қоғамдық мәдени-спорт кешенінде жаттығу кезінде болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 29 қаңтар күні баланың басы ауырып, жүрегі айнығаны туралы жедел жәрдемге қоңырау түскен.

«Медицина қызметкерлерінің барлық күш-жігеріне қарамастан, баланы құтқару мүмкін болмады», - делінген мәлімдемеде.

Полиция оқиға бойынша іс тіркелгенін және мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.